Ауыл • 06 Наурыз, 2023
Ауыл инфрақұрылымын дамыту туралы сөз болғанда жол жөндеу, су тарту, газ өткізу сияқты маңызды шаруалардың қатарында жайылым мәселесі де тұруы шарт. Өрістегі мал мен ауыл тұрғындарының жағдайын бөліп-жарып қарауға болмайды. Өйткені ауылдағы ағайынның негізгі күнкөріс көзі – жайылым.
Қаржы • 06 Наурыз, 2023
Оффшордан оралған қаржы мемлекеттің инвестициялық климатын сауықтыра ала ма?
Алматыда CFO Summit бағдарламасы мазмұнды және ауқымды болды: 10-шы мерейтойлық саммиттің ерекшелігі өзіміздің қаржылық мүмкіндігімізге назар аударуымен есте қалды. Жыл басынан бері қоғам «іштен шыққан қаржы магнаттарының шетелге ауып кеткен қаржысын қалай қайтарамыз?» деген сұраққа жауап күтіп, іштен тынып тұр. Қаржыны қайтара салу оңай емес. Әр жылдары елден кеткен қаржы оффшорлардың түбінде шөгіп жатыр.
Әлем • 06 Наурыз, 2023
Түркия: «Алты үстел» ымыраға келе ме?
Сарапшылар Түркиядағы оппозиция алдағы президенттік және парламенттік сайлау қарсаңында бірігіп, жеңіске жетуге мүмкіндігі мол деген болжам айтады.
Медицина • 06 Наурыз, 2023
Дәрілік заттарды таңбалау басталады
Елімізде 2024 жылдан бастап дәрілік заттарды таңбалау үдерісі басталады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың төрағалығымен өткен дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау мәселелері жөніндегі кеңесте айтылды. Отырысқа Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, Сауда және интеграция министрлігінің, Қаржы министрлігінің өкілдері және Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық бөлімшелері мен дербес департаменттерінің басшылары, сондай-ақ Цифрлық таңбалау және қадағалау бірыңғай операторының өкілдері қатысты.
Қазақстан • 06 Наурыз, 2023
Қатерлі жылдар қателігі ғылыми зерделеніп, хатқа түсті
Қазақстанға 1 млн 207 мыңнан астам әртүрлі ұлт өкілінің күшпен жер аударылуы, тың және тыңайған жерлерді игеру барысындағы бассыздықтар, биліктегі қасаң бюрократия мен жемқорлық – әлеуметтік және этностық қақтығыстардың туындауына себеп болды.