Қазақстан • 27 Наурыз, 2018
Астана қаласының ТЖД көктемгі су тасқынына толық дайын
Астана қаласында белсенді түрде су тасқынына қарсы іс-шара жүргізіліп жатыр. Бүгін қала әкімдігінде төтенше жағдайлардың алдын алуға байланысты брифинг өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Үкімет • 27 Наурыз, 2018
Бүгін Үкімет отырысында қандай мәселелер талқыланды?
Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын, тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындылары, сондай-ақ мемлекеттік қала құрылысы кадастрының қызметі мен оны енгізу мәселелері қаралды.
Аймақтар • 27 Наурыз, 2018
Қызылордадағы атыс: Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Бүгін Қызылордада жергілікті уақытпен сағат 14.50 шамасында Әйтеке би көшесінде жастар арасында қақтығыс болды. Нәтижесінде бір адам дене жарақатымен облыстық медициналық орталыққа жеткізілді. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ОІІД басшысының орынбасары Нұрлан Анарбаев мәлімдеді.
Парламент • 27 Наурыз, 2018
Сенат комитетінде заңнамаға көші-қоны мәселелері бойынша түзетулер қаралды
Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Бұл туралы палатаның баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 27 Наурыз, 2018
Батыс Қазақстан облысының төрт ауданында мәслихат депутаты сайланды
Батыс Қазақстан облысының төрт ауданында шығып қалған аудандық мәслихат депутаттарының орнына сайлау өтті. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Вячеслав Иночкин мәлім етті.