Қазақстан • 27 Наурыз, 2018

Астана қаласының ТЖД көктемгі су тасқынына толық дайын

381 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласында белсенді түрде су тасқынына қарсы іс-шара жүргізіліп жатыр. Бүгін қала әкімдігінде төтенше жағдайлардың алдын алуға байланысты брифинг өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласының ТЖД көктемгі су тасқынына толық дайын

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің тапсырмасымен «2018 жылы Астана қаласы аумағында көктемгі су тасқынын өткізуге дайындық бойынша кешенді іс-шаралар жоспары» бекітілген.  Кешенді жоспарға сәйкес су тасқынын болдырмау жөнінде астананың аумағында 2018 жылы 27 ықтимал су басу учаскелері белгіленді. Әрбірінде жұмыс жүргізіліп, қажетті материалдар көлемі, қаржыландыру, жауапты орындаушылар анықталған.

«Қазіргі таңда 3 млн текше метрден астам қар шығарылды. Коммуналдық қызметкерлер тәулік бойы қарды жинаумен және қала сыртына шығарумен айналысуда. Бұл жұмыс мереке күндері де жалғасты. Қала маңын ұшақпен аралау барысында Майбалық көлі, Вячеславское су қоймасы ауданындарындағы, Қарағанды және Ақмола облыстарының елді мекендеріндегі қар мен ылғалдылық қоры нақтыланды», деді Астана қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева.

Астана әкімдігі жеке сектор тұрғындарынан үйлеріне су кірудің алдын алу мақсатында ауладағы қарды шығаруды сұрады.

Қазіргі күні гидротехникалық құрылыстар көктемгі су тасқынына дайын, атап айтқанда Астана су қоймасының жай-күйі бақылауда. Қар қорының көлемін білу мақсатында мониторинг жүргізу және алынған деректерді талдау туралы жұмыс режимінің жоспарлы кестесі бекітілген.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті көктемгі су тасқыны жағдайын бақылауда ұстауда және күннің жылынуына байланысты тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырған.