Елорда • 06 Наурыз, 2023
Баспасөз хатшысы қандай болуы керек?
Астанада екі күнге созылған баспасөз хатшыларына арналған семинар қорытындыланды. Жиында медиа және коммуникация мамандарының біліктілігін жетілдіру, қоғам мен мемлекеттік органдар арасында байланысты нығайту, пресс-стратегия құру және мәтінмен жұмыс істеу, имидж қалыптастыру сынды тақырыптар аясында тренингтер мен шеберлік сабақтары өтті.
Несие • 06 Наурыз, 2023
Әуелден айтылып жүрген «Балық берме, қармақ бер» деген тәмсілдің қалпына салсақ, жастарды масылдық санадан арылтып, еңбекқорлыққа баулу үшін жан-жақты жағдай жасаудың маңызы зор.
Білім • 05 Наурыз, 2023
Оқушы қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді. Министр алдымен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде болып, оқу ордасының материалдық-техникалық базасымен танысты. Ведомство басшысы оқытушы, студенттермен болған кездесуде білім сапасы мен ұстаздардың біліктілігі жайлы сөз қозғады.
Пікір • 05 Наурыз, 2023
Елдің саяси жүйесіндегі басты оқиғалардың бірі – сайлау науқаны. Себебі, сайлау науқанында саяси жүйенің легитимділігі мен сайлаушылардың жүйеге қатысты көңіл күйі анықталады. Ақтөбе облысы – еліміздің экономикалық және әлеуметтік жағынан қарқынды дамып келе жатқан алдыңғы қатарлы өңірлерінің бірі.
Партия • 05 Наурыз, 2023
Құрылыс саласының жағдайы алаңдатады
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының тізімі бойынша кандидаттар Айдар Алибаев, Тазабек Сәмбетбай, Ирина Әлімжанова және бір мандаттық аймақтық округ бойынша кандидат Берік Ағыбаев Алматы қаласы М.Ганди саябағы аумағында «Құрылыс және сейсмикалық тәуекел проблемалары» тақырыбында өткен митингке қатысты.