Партия • 05 Наурыз, 2023
«Ақ жол» демократиялық партиясының республикалық штабының мүшелері Ақтөбе облысында кездесулер өткізді. Азат Перуашев, Қазыбек Иса және Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Асқар Садықов бастаған республикалық штаб мүшелері Ақтөбе облысы Қобда ауданы Әлия ауылының тұрғындарымен кездесті.
Партия • 05 Наурыз, 2023
«Байтақ» жасылдар партиясының республикалық штабының мүшелері «АстанаЖылуЭнерго» орталығы ұжымымен кездесу өткізді. Штаб басшысы Қайрат Айтбай жиналғандарды сайлауға белсенді үлес қосуға шақырды.
Партия • 05 Наурыз, 2023
Қазақстан Халық партиясы төрағасының орынбасары, Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Александр Милютин «Семей су шаруашылығы» серіктестігінің ұжымымен кездесті.
Партия • 05 Наурыз, 2023
«Respublica» партиясының сайлауалды туры Атырауда жалғасты. Кандидаттар Руслан Берденов, Қуаныш Шонбай, Қырмызы Жандосова, Динара Наумова, Екатерина Смолякова, Олжас Болатбекұлы, Бақытбек Хамит аймақта 1200-ден астам азаматпен кездесу өткізді.
Партия • 05 Наурыз, 2023
«Ауыл» партиясы үгіт-насихат жұмыстарын Атырау облысында жалғастырды. Партия төрағасы Әли Бектаев пен Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар Дәулеткерей Кәпұлы, Анна Данченко, Аян Зейнуллин, Ілияс Досхожаев Атырау облысы Махамбет ауданының тұрғындарымен, кәсіпкерлерімен кездесті.