Партия • 05 Наурыз, 2023

Жұмыссыздықты жою жолдары

581 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Халық партиясы төрағасының орынбасары, Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Александр Милютин «Семей су шаруашылығы» серіктестігінің ұжымымен кездесті.

Жұмыссыздықты жою жолдары

Кандидат ұжымға Халық партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Партия «Жер мен жер қойнауы халыққа тиесілі» деген ұсынысқа бастамашы болып, бұл түзету Конституцияға енгізілді. Халық партиясы – Ха­лықтық капитализмді қолдайды. Бұл қуатты орта тап құру және билік пен байлық халыққа тиесілі қоғам құру дегенді білдіреді.

Кездесуде әлеуметтік саладағы мәселелер айтылды. «Біз медицина мен білім саласының халыққа қолжетімді және тегін болғанын талап етеміз. Бүгінде ең өзекті мәселе – жастардың баспанаға қол жеткізе алмай отырғаны. Халық партиясы осы ретте бұл санаттағылар үшін арнайы бағдарлама құруды ұсынып отыр. Бұл қоғамдағы шиеленісті азайтады», деді А.Ми­лютин.

Ал партияның сайлауалды үгіт-насихат тобы «QazExpoCongress» компаниясының ұжымымен кездесті. Онда Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат, ҚХП Астана филиалының төрағасы Нұрдәулет Оразханов партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Кандидат тұрғындардың басты проблемасы болған тұрғын үй мәселесі туралы тілге тиек етті. Қазіргі таңда тұрғын үйге қол жеткізу халықтың арманы. Осы орайда Н.Оразханов Халық партиясы осы мәселені шешудің тиімді жолын ұсынып отырғанын атап өтті.

– Біздің партия ауыл тұрғындарына ипотеканы субсидиялауды ұсынып отыр,– деді ол. – Құрылыстың негізгі тірегі– жастар. Ауылдарды дамытудың негізгі бағыты ретінде елді мекендердің инфрақұрылымын қалпына келтіру қажет. Сондай-ақ партия өкілі ауылдарды жандандырып, құрылысты қарқынды дамытса, еліміздегі жұмыссыздық төмендейді деген пікірде. Бұл жастардың ауылдан кетуіне тежеу болады. Қазір кедейшілік шкаласы қызыл сызыққа таяу. Жастар арасында жұмыссыздық жойылмай келеді. Бәрі ауыл­ды тастап, қалаға ұмытылады. Көптеген адам бұл проблеманың түйіні тарқамайды деген ойда. Ал біз бұл тұйықтан шығудың нақты шешімін ұсынамыз. Халық партиясы тұрғын үй құқығы – әрбір азаматтың ажырамас құқығы деп санайды,– деді Н.Оразханов.