Қаржы • 02 Наурыз, 2022
Табысы мен тәуекелі тең онлайн банкинг
Егер осыдан бес жыл бұрын банкке қатысты кез келген қаржылық мәселені банк бөлімшесіне бармай шешу мүмкін емес болса, қазір онлайн отырып-ақ реттей салу қалыпты дағдыға айналып жатыр. Қаржы нарығындағы бәсеке, түрлі экономикалық дағдарыс, COVID-19 пандемиясы сектордағы технологиялық дүмпу процесін жеделдетті.
Тарих • 02 Наурыз, 2022
Батыс Қазақстан облысындағы архив қорларымен жұмыс істеу барысында 1929 жылғы Жымпиты ауданы ауылдарының байлары мен атқамінерлерінің баскөтерулері жөнінде құжаттар кездесті. 90 жылдан астам уақыт құпия архивтерде сақталған бұл құжат Ғаббас Досмұхамедов бастаған бір топ азаматты әйгілі «елу сегізінші» баптың бірнеше тармағымен айыптаған. Ал Ғаббас – Күнбатыс Алашорда жетекшісі Жаһанша Досмұхамедұлының туған ағасы болатын.
Қоғам • 02 Наурыз, 2022
Атамыз қазақ «Аманат молшылық әкеледі, қиянат кедейлік әкеледі» деген. Яғни аманат бұзылған жерде қиянат қанат жаяды. Ондай ортада ынтымақтың іргесі сөгіледі, берекенің қамалы бұзылады.
Руханият • 02 Наурыз, 2022
Ата-бабаларымыз әлімсақтан ұстанып келе жатқан ислам дінінде «хуббул-уатан минәл-иман» деп айтылатын мағынасы терең риуаят, яғни өсиет бар. Бұл ұғымды қазақша тәпсірлесек, «елді, отанды, жерді сүю – иманнан» дегенді білдіреді екен. Демек пенде баласының елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі һәм адал махаббаты жүрегіне сіңген иман қуатымен өлшенбек. Абайша айтсақ, «Мазлұмға жаның ашып, ішің күйсін, Харекет қыл, пайдасы көпке тисін, Көптің қамын әуелден тәңірі ойлаған, Мен сүйгенді сүйді деп иең сүйсін». Дана атамыздың мына сөзін тәпсірлер болсақ, иманы кәміл, ықыласы кемел адам ғана елін, жерін, Отанын сүйе алары хақ.
Әлем • 02 Наурыз, 2022
Украинадағы жағдай: Ресей Херсон қаласын бақылауға алды
Украина президенті Владимир Зеленский Черкасск және Одесса облыстарының басшылығына әскери қызметкеркерді тағайындады. Жергілікті БАҚ Ресей Федерациясы Херсонды бақылауға алғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.