Атамыз қазақ «Аманат молшылық әкеледі, қиянат кедейлік әкеледі» деген. Яғни аманат бұзылған жерде қиянат қанат жаяды. Ондай ортада ынтымақтың іргесі сөгіледі, берекенің қамалы бұзылады.

Коллажды жасаған Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»
Кенжанбай мен Ақпанбет
Ноғайлының әйгілі ері Кегенес Кенжанбай мен атақты Ақпанбет батыр қанды көйлек достар екен. Күндердің күнінде Қырым хандығының патшасы Мамай елдің бірлігіне нұқсан келтірдің деп Ақпанбеттің елін шауып, батырдың он үш жасар жалғыз ұлы Тастемірді байлап әкетеді.
Ханның қаһарынан құтылмасын сезген Ақпанбет досы Кегенес Кенжанбайға сәлем айтады: «Ақыреттік дос едік, ханның қылышының астында ғазиз басым кетіп барады, қолымнан келер қайран жоқ. Жалғыз ұлым Тастемірдің де қылша мойнына бұғау салып, дар ағашының алдына алып бара жатыр. Мені ұрпақсыз қалсын демесең, жалғызымды өлімнен құтқар!» дейді.
Қанды көйлек досының сәлемін естіген Кегенес Кенжанбай батыр ханның қатулы жасауылының алдынан шығады. Мән-жайды айтады. Жасауыл бастығы ханның әмірі қатты, Тастемірді бере алмаймын дейді.
Хан екі айтпайды, бұл түсінікті жағдай. Енді не істеу керек? Ақыреттік досының аманатын орындау үшін Кегенес Кенжанбай батыр өзінің он үш жасар ұлы Жанұзақты қарауыл жасақтың басшысына ұстап беріп, досының ұлы Тастемірді аман алып қалыпты.
Жапалақ пен Жұманай
Ертеректе Бөрлі-Матай өңірінде Жапалақ пен Жұманай деген ағайынды адамдар өмір сүріпті. Үлкені Жапалақ елге тұтқа, ауылға айбар, жатқа сыйлы, жақынға қайырымды, ағайынға қамқор жан екен. Бір күндері Жапалақ жұрттың жан бағып отырған жайылымын тартып алмақшы болып келген ақ патшаның әкімгер шенеунігіне қамшы үйіріп, оны қорғаймын деп мылтық ала ұмтылған солдатты сабап, ол бейбақ өліп кетіп, басы дауға қалады.
Қысқасы, кешікпей «Жапалақты ұстау үшін Қапал уезінен әскер келе жатыр» деген хабар жетеді. Сонда інісі Жұманай келіп: «Мына жау сені ұстамай тыным таппайтыны анық болды. Сен кетсең, бар қиындық елдің басына түседі, мен кетсем, бір шаңыраққа ғана түседі. Егер ұйғарсаң, «Жапалақ деген мен» деп солдаттың алдынан өзім шығайын, тірі болсам бір келермін, өлсем, жалғыз ұлым Нұрсила сізге аманат», депті.
Патша әскерінің қолына өз еркімен түскен Жұманай сол кеткеннен Сібірге айдалып, ақыры дәм-тұзы таусылып, жат жерден топырақ бұйырыпты.
Жапалақ болса інісінің аманатын бұлжытпай орындап, жалғыз ұлын ханның баласындай етіп асырап, ер жеткенде ел басқартып, тіпті болыс та болғызған екен. Қазір осы Нұрсиладан тараған ұрпақ – бір қауым ел. Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында тамыр жайып, өсіп-өнуде.
Тұрдыбай мен Таңат
Сарысу-Талас-Шудың бойын жайлаған тамалар елінде Тұрдыбай, Таңат дейтін ағайындылар өмір сүріпті. Тұрдыбай ертерек дүниеден өткен екен. Одан Нұралы дейтін жалғаз ұл қалыпты. Тұрдыбай марқұм қатты ауырып жатып, інісі Таңатқа: «Мына сырқаттың беті жаман, егер де олай-бұлай болып кетсем, ұлым Нұралы өзіңе аманат, қатарынан кем-қор қылмай өсір» деп, аманаттап кетеді.
Арада бір мүшелден астам уақыт өткенде дүние төңкеріліп кетіп, Екінші дүниежүзілік соғыс басталады. Ел ішіндегі жілігі татитын ер-азаматтар жаппай соғысқа алынды. Көппен бірге қара қоржынын арқалап, Таңат та майданға аттанады. Майданға аттанып бара жатып, әйелі Мариямға: «Марқұм Тұрдыбай ағам Нұралыны маған аманаттаған еді, ол енді саған аманат, ол бірдеңеге ұшырып қалмасын, ағамның түтіні өшеді», депті.
Уақыт сырғып өтіп жатты. Соғысқа кеткен Таңаттан қара қағаз келді. Мариям белін бекем буып, өзінің үш баласымен бірге аманат иесі Нұралыны да қанаттыға қақтырмай өсіріп ержеткізді. Бір күні Нұралыны майданға шақырған қағаз келді.
Мариям қатты састы. Күйеуінің аманаттаған, сөзі санасында жаңғырып тұрып алды. «... Ағамның түтіні өшпесін!». Ақыры аманат иесі Нұралыны алып қап, оның орнына жасы әлі толмаған өз ұлы Қыдырәліні «Нұралы мынау» деп салып жібереді. Қыдырәлі соғыстан жараланып оралды. Қазір Нұралы-Қыдырәлілер әулеті бір дүйім ел.
Орал қаласында әуе рейстері қайта іске қосылады
Қоғам • Кеше
«Қайрат» Қазақстан кубогының ширек финалына жолдама алды
Футбол • Кеше
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Атырау облысында жол апатынан бір адам көз жұмды
Оқиға • Кеше
Өтепберген Әлиев Ислам ойындарында қола жүлде жеңіп алды
Ауыр атлетика • Кеше
Ақтөбе облысында Pfizer вакцинасы таусылды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда такси жүргізушісінен 10 келі есірткі тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Оралда тұрғын үй ауласынан есірткі зертханасы табылды
Аймақтар • Кеше
Абай облысы Қаржы басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы елордадағы құрылыс нысандарын тексерді
Үкімет • Кеше
Йеменде су тасқынынан 77 адам қаза тапты
Әлем • Кеше
Таразда Қонаев ескерткіші бой көтерді
Аймақтар • Кеше
Қызылордада сексеуілді заңсыз кескен тұрғын ұсталды
Қоғам • Кеше
Зүлфия Чиншанло Ислам ойындарында алтын медаль еншіледі
Ауыр атлетика • Кеше
Қазақстанда қанша адам вакцина алды
Коронавирус • Кеше
Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Кеше
2133 қазақстандық коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Кеше
Елімізде 1452 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Өтепберген Әлиев Ислам ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды
Ауыр атлетика • 12 Тамыз, 2022
Елордадағы айналма жолдан атыс қарулары табылды
Оқиға • 12 Тамыз, 2022
Жансель Дениз Ислам ойындарының қола жүлдегері атанды
Спорт • 12 Тамыз, 2022
Алматы облысында 1 жасар баланы автобус басып кетті
Оқиға • 12 Тамыз, 2022
Елордада көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • 12 Тамыз, 2022
ИИДМ басшысы құрылысшыларды кәсіби мерекесімен құттықтады
Қазақстан • 12 Тамыз, 2022
«Жер аманаты» комиссиясының «жедел желісіне» мыңға жуық өтініш түсті
Қазақстан • 12 Тамыз, 2022
Дархан Қыдырәлі Мажарстан Парламентінің арнайы сессиясына қатысты
Әлем • 12 Тамыз, 2022
Кристина Овчинникова Түркиядағы Ислам ойындарында қола иеленді
Жеңіл атлетика • 12 Тамыз, 2022
Атырау облысының Қызылқоға ауданына жаңа әкім келді
Тағайындау • 12 Тамыз, 2022
Мемлекет басшысы ҰҚК төрағасын қабылады
Президент • 12 Тамыз, 2022
Елордада Ш.Құдайбердіұлы көшесіндегі учаске жабылады
Елорда • 12 Тамыз, 2022
Қазақстанда тұңғыш рет кибер құқық мектебі ашылады
Қоғам • 12 Тамыз, 2022
Елордада «Азия жаңғырығы» фестивалі басталды
Қоғам • 12 Тамыз, 2022
Ұқсас жаңалықтар