- Мұндай жекпе-жектерден көп күтпеу керек. Бұрын жеңілмеген екі спортшы кездескенде, көреремендердің бәрі сұмдық айқас болады деп күтеді. Бірақ олай бола бермейді. Өйткені мұндайда қателіктің құны ауыр, сондықтан ұстамдылық көп болады. Рахмонов қысылып жүргендей көрінді, ол мұқият болды. Ол өте ұқыпты әрекет етті, бірақ соңында қырағылығын жоғалтып алып, әдіске түсіп қалды. Алайда мойындау керек, ол өте өиын жағдайдан аман шықты. Гэрри жақсы дайындықпен келіп, бар мүмкіндігін пайдаланды, дегенмен оған күрестегі шеберлік жетпеді. Оның орнында Белал болса, бұл Рахмонов үшін жеңіліспен бітуі мүмкін еді. Шавкатқа чемпиондық айқас алдында осы мәселеге мән беру керек. Алдағы жекпе-жекте мұндай қайталанбауы қажет. Шавкат жеңіске жетіп, чемпион бола алады деп ойлаймын, - дейді Маккаферри.
Америкалық журналист Джек Маккаферри Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Шавкат Рахмоновтың (19-0) ирландиялық Иэн Гэрримен (15-1) өткізген жекпе-жегі туралы және UFC чемпионы Белал Мухаммадқа (20-3) қарсы айқаста қандай қателік жібермеу керегін айтты.
Қазақстанның екі өңірінде жол жабылды
Ауа райы • Бүгін, 16:25
Астана даңғылдарының бірі 2 аптаға жартылай жабылды
Елорда • Бүгін, 15:47
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың мәйіті табылды
Қоғам • Бүгін, 15:17
Ақтау маңында ірі жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 14:42
Алаш қозғалысы: 12 том құжаттар мен материалдар жинағы толық жарық көрді
Руханият • Бүгін, 14:03
Шайды қай кезде ішкенде зияны болмайды
Денсаулық • Бүгін, 13:32