Президент • 28 Наурыз, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қытайға барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Боао Азия форумының ХХІІІ сессиясына қатысу үшін Халықаралық конференциялар орталығына барды. Бұл туралы Ақорда хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Пікір • 28 Наурыз, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзін тыңдағанда ұлы Абайдың «Қазаққа күзетші болайын деп, біз де ел болып, жұрт білгенді біліп, халық қатарына қосылудың қамын жейік деп ниеттеніп үйрену керек» деген жанашыр сөзі еріксіз ойға оралды. Президент ойының Абай сөзімен үндесуін оның Құрылтайда айтқан ел болу бағытына ұсынған алты құндылығы дәлелдейді.
Қаржы • 28 Наурыз, 2024
Қазақстан Ұлттық банкі алаяқтық жиілеп кеткенін ескертіп отыр. Олар өзінің «құзыретін» дәлелдеу үшін жалған құжат істеп, тұтынушыларға көрсетеді екен.
Баға • 28 Наурыз, 2024
Қараша түскеннен қазақтың мал байлап, соғым қамына кірісетіні бесенеден белгілі. Әсіресе жылқы етін аңсайтындар көп. Дегенмен әр үй шамасына қарай ірі қарасын іріктеп, көрпесіне қарай көсіледі. Қысы қатал өңірде тұратын халықтың соғымға келгенде тартына бермейтін дағдылы әдеті секілді, көктем келсе де етке деген сұраныс әзір кеміген жоқ. Алайда күн санап құбылып тұрған сол ет бағасының қалтаға мол салмақ салатыны тағы бар.
Экономика • 28 Наурыз, 2024
Алматыда осымен 11-рет ұйымдастырылған CFO Summit-2024 платформасында экономикамыздың маңызды тақырыптары талқыланды. Әрқайсысы екі сағатқа созылған пленарлық сессияларда жаңа Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) рөлі, 2029 жылға қарай экономикалық өсімді 450 миллиард долларға жеткізу және ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) жылдық өсімін 6 пайызға дейін көтеру мүмкіндігіне назар аударылды.