Қоғам • 01 Наурыз, 2022
Биылғы Балалар жылы аясында елордадағы Алматы ауданы әкімдігі «Ақбұлақ» мұз айдынында 5 пен 7 жас аралығындағы балаларға арнап «Ең ғажайып шана» атты қызықты байқау өткізді.
Аймақтар • 01 Наурыз, 2022
Дәстүрлі іс-шараға айналған қолөнершілер көрмесі биыл да Жібек жолы көшесінің бойын алқызыл түске бояды. Шеберлер қолынан шыққан мыңнан астам көркем дүниелер көрерменге көктемнің хабаршысындай әсер еткенін осы күнгі көңіл күйден аңғаруға болады.
Аймақтар • 01 Наурыз, 2022
Қарағанды облысындағы полиция құрылымдарына «Қазақмыс» корпорациясы жомарт тарту жасады. Нақтырақ айтқанда, жол-патрульдік қызметіне және Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш қалалары мен Ұлытау ауданының учаскелік инспекторларына 48 Chevrolet Cobalt автокөлігі, сегіз JAC 7 автокөлігі, алты фургон, екі жол талғамайтын көлік, екі қарда жүретін көлік, сондай-ақ екі автобус, барлығы 68 бірлік көлік техникасын тарту етті.
Руханият • 01 Наурыз, 2022
Бала тәрбиесіндегі басымдықтар
Адам баласының қалыптасып, қатарға қосылуына отбасы жүз пайыз әсер ететіні айдан анық. Шағын ғана шаңырақта дүниеге келген шақалақ өсе келе ширақ бала, шымыр жігіт, шау тартқан қарияға айналады. Қоғамға қолұшын беріп, қоршаған ортаға зиян тигізбей, ата-анасының атына кір келтірмейтін перзенттің өсіп-өнуіне отбасы жан-жақты жұмыс істеуге міндетті. Тәуір бала, тәрбиелі шәкірт, тәлімгер адам, тәжірибелі маман, бәрінің шығу төркіні – отбасы, ошақ қасындағы өсиет пен өнегеге тікелей байланысты. «Әкенің баласына жақсы тәрбиеден артық берер сыйлығы болмас» деген екен бұрынғылар. Осы ретте бүгінгі бала тәрбиесінің бағыты қандай?
Коронавирус • 01 Наурыз, 2022
Коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші анықталды
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 228 жағдай тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.