Әдебиет • 01 Наурыз, 2021
Анкара қаласында «Ұлы даланың көрнекті тұлғалары: Абай, Фараби және Жамбыл» атты іс-шара өтті. Жиын белгілі тұлғалардың рухани мұрасы мен туындыларын насихаттауға арналған. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы елшілігі, Халықаралық Түркі академиясы және Еуразия Жазушылар одағы ұйымдастырды.
Руханият • 01 Наурыз, 2021
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Өлең сөздің дүлдүлі, жыршы, жырау Жамбыл Жабаевтың шығармашылығы хақындағы зерттеулер бүгінде отандық ғылым саласы ғана емес, алыс-жақын шетел ғалымдарының да назарында. Жыр алыбының туғанына 175 жыл толуына орай М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ұйымдастырған «Жамбыл шығармалары – ұлт руханиятының айнасы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференцияда халық жыршысының мұрасын зерттеу, насихаттауға байланысты ғалымдар ой қозғады.
Қоғам • 01 Наурыз, 2021
Еліңді сүю – жақыныңды жақсы көруден басталады
Жасым 32-де, ұлтым – удмурт, анам – қазақ. Қазір әке-шешем Шұбарқұдықта тұрады, өзімнің отбасым бар. Темір ауданындағы №2 Шұбарқұдық қазақ-орыс орта мектебін бітірген соң Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіне дизайн мамандығы бойынша оқуға түсіп, оны жақсы бітірдім. Диплом алған соң осы оқу орнында бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша қосымша білім алдым.
Қоғам • 01 Наурыз, 2021
Айналамызға мейірім төгіп жүрейік
Алғыс айту күні – біздің мемлекет үшін айтулы мерекелердің бірі. Өйткені біз бұл мереке арқылы өзіміздің Отанға деген сүйіспеншілігімізді, ортамызға, ата-ана, ағайын-туыс, бауырларымызға, барша отандастарымызға деген құрметімізді білдіреміз.
Қоғам • 01 Наурыз, 2021
«Т.Шевченко атындағы украин мәдениетінің Павлодар серіктестігі» облыстық қоғамдық бірлестігі еліміздің бірлігін нығайтуға қызмет етіп келе жатқан құрылымдардың бірі.