Қоғам • 01 Наурыз, 2021

Айналамызға мейірім төгіп жүрейік

393 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алғыс айту күні – біздің мемлекет үшін айтулы мерекелердің бірі. Өйткені біз бұл мереке арқылы өзіміздің Отанға деген сүйіс­пен­шілігімізді, ортамызға, ата-ана, ағайын-туыс, бауыр­ла­ры­мызға, барша отандастарымызға деген құрметімізді біл­ді­ре­міз.

Айналамызға мейірім төгіп жүрейік

Бұл күні өскелең ұрпақты достыққа, толеранттылыққа, отан­сүйгіштікке тәрбиелеудің, этно­с­аралық келісімді нығай­ту­­­дың қаншалықты маңызды екені ай­шық­тала көрінеді. Ал алғыс айту дегеніміз – біздің бір-бірі­міз­ге деген игі ниетімізді, ықы­ла­сы­мызды, достығымызды біл­ді­ру.

Қазақстан – әр жерден көшіп келген өзге этнос өкілдерін құшақ жая қарсы алған мемлекет. Ал дәл осы күн барлық этностар Қазақстанға, қазақ халқына деген алғыстарын білдіруі атал­ған мерекенің негізгі мәнін ай­қын­дайды.

Кейде «Бұл күн не үшін керек?» деген сауал қойылып жатады. Мен бұған былай жауап берер едім: «Біз кейде елімізге, өзіміз жақсы көретін жандарға, достарымызға алғыс айтуды ұмытып кетіп жатамыз. Ал осы 1 наурыз – Алғыс айту мерекесі бізге алғыс айтудың қашанда керек екендігін еске салып отыра­ды. Сондықтан да бізге Алғыс айту күні керек».

Осы алғыс айту күні туралы еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күн, яғни 1 наурызды жыл са­йын барлық этностың бір-біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қа­­был­даған қазақтарға Алғыс айту күні ретінде атап өтуі әді­лет­ті болар еді. Бұл күн бізді бұ­­рынғыдан да жақындастыра түс­­пек. Бұл күн – мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-бі­­рі­не деген достығы мен махаб­ба­­тының жарқын мерекесі болар еді» деген болатын.

Мен анама – өмір сыйлағаны үшін, әкеме – қорған болғаны үшін, атам мен әжеме – ыстық алақаны үшін, Отаныма – сая бол­ғаны үшін алғысымды біл­дір­гім келеді.

Әрдайым айналамызға мейі­рімі­мізді төгіп, алғыс айтып жү­ре­йік.

 

Делназ МЕНСЕЙТОВА,

11-сынып окушысы

 

Батыс Қазақстан облысы,

Тасқала ауданы,

Актау ауылы