Тұлға • 27 Наурыз, 2025
«Артық-ауыс сөзі жоқ, мінезі жұмсақ, қақ-соқпен ісі болмайтын, қой аузынан шөп алмас момын санап жүрген курстас досымыз аяқ астынан айды аспанға шығарды». Мұны жазған адам – академик Рымғали Нұрғали. Айтып отырған адамы – Болат Бодаубай. Бүгінгі белгілі журналист, танымал жазушы, қайраткер қаламгер. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. «Парасат» орденінің иегері.
Шымкент • 27 Наурыз, 2025
Арық-атыздар тазартылып, су жүйесі реттелді
«Қазгидромет» РМК Шымкент қаласында наурыз айында жауын-шашын мөлшерден тыс жауады деп болжам жасаған еді. Мегаполисте қазір көктем шуағын төгіп тұр. Қар еріп кеткелі қашан. Бірақ топырақта ылғал басым. 48 мм дейінгі ылғалдылық қалыпты боп саналса, қаланыкі одан 55% жоғары.
Тұлға • 27 Наурыз, 2025
Біз Ақмолаға көшіп келген жылы ол 44 жастағы жігіт ағасы еді. Байыпты әрі намысты. Ұлт туралы жиған білік-білімін әрқашан толықтырғысы келіп тұрады. Өсіп-өнген жері – қазіргі Астанадан 125 шақырым жердегі Жолымбет кеніші. Бұл азамат талай жыл Целиноград аталған қаланың жас қоғам қайраткері деңгейінде-тін. Сол 90-жылдары анасын, бауырларын көріп таныстық. Шешесі кең пішілген, дәстүрге жетік, әулетті үйіріп отырған жан екен. Іні-қарындастары бәрі жақсылыққа бой түзеген еңбек адамы болып шықты. Ата-ананың тәлімінен шығар. Жары Ләтипа бастауыш сыныпта сабақ беретін. Дәрігерлер неше түрлі ауыр диагноз қойса да, Жаратқан заңын таңдап, еріне перзент сүйгізген ерлігі де бар-ды. Құлыны әу баста ресми «Эльмира» болып, ұлт сана-сезімі жанданған жылдары бұл есімді Елмейір деп өзгерткені де есімізде.
Су тасқыны • 27 Наурыз, 2025
«Ақжар» мен Ащысудан қауіп бар
Ертіс-Баян өңірінде наурыздың ортасынан күн жылынып, жер бусанып жатыр. Қыстай жауған ақ ұлпа жылдам еріп, елді мекендер айналасында су жүре бастаған. Мамандар Баянауыл, Ақтоғай аудандарында жылдағыдай қауіп сақталып отырғанын айтып отыр.
Аймақтар • 27 Наурыз, 2025
Ақтөбе облысының он екі ауданында былтыр қанат қаққан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы биыл да жалғасын тапты.