Медицина • 06 Наурыз, 2020
Алматыда 3-5 наурыз аралығында «Әйел жүрегінің құпиялары-2020. Әйел денсаулығы, стилі және ұзақ өмір сүруі» тақырыбында пәнаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға жетекші елордалық және аймақтық клиникалардың кардиологтары, эндокринологтары, терапевттері, фармакологтары және басқа да медициналық қоғам өкілдері қатысты.
Бокс • 06 Наурыз, 2020
Дубайда қос жерлесіміз жұдырықтасады
Бүгін кешке Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында «Rotunda Rumble 3» деп аталатын кәсіпқой бокс кеші өтеді.
Видео • 06 Наурыз, 2020
Төрт қап бекіре балығы тәркіленді (видео)
Атырауда полиция қызметкерлері қала маңындағы Жұмыскер кентінің тұрғынынан 4 қапқа салынған бекіре тұқымдас балықты тәркіледі. Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаменті хабарлады.
Абай • 06 Наурыз, 2020
Қостанайда «Абай және Шәкәрім оқулары» байқауы өтті
Жыл сайын 5-11 сынып оқушылары арасында өтетін дәстүрлі байқауға облыс орталығындағы қазақ және орыс мектептерінде оқитын алпысқа тарта талапкер қатысты.
Қоғам • 06 Наурыз, 2020
Шамалған стансасында жол өтпесі эстакада түрінде салынады
Алматы облысының Шамалған теміржол станциясындағы жол өтпесінің құрылысы биыл қарқын алмақ. Бүгінгі таңда нысанда алдағы құрылыс маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Алдын ала мәліметтер бойынша құрылыстың жалпы сомасы 5,5 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.