Бокс • 06 Наурыз, 2020

Дубайда қос жерлесіміз жұдырықтасады

526 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін кешке Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында «Rotunda Rumble 3» деп аталатын кәсіпқой бокс кеші өтеді.

Дубайда қос жерлесіміз жұдырықтасады

Айтулы жарыста Қазақстанның қос былғары қолғап шебері өнер көрсетеді. Екінші жартылай жеңіл салмақ дәрежесіндегі Нұртас Әжбенов филиппиндік Джей-Ар Магбумен күш сынасады. Қандасымыз осы күнге дейін сегіз жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Үш бәсекені мерзімінен бұрын аяқтаған. Филиппинннің өкілі 24 рет рингке көтеріліп, 18 мәрте басымдық танытты. Тоғыз қарсыласы нокаутпен ұтты. Төрт рет ұтылып, екі кездесуде тең есеп тіркелді. 

Аса ауыр салмақта Жан Кособуцкий ганалық Абрахам Табулмен айқасады. Жерлесіміз 12 кездесуінің барлығын жеңіспен аяқтап, 11 қарсыласын нокаутпен ұтты. Қара құрлық өкілі 21 рет шаршы алаңға шығып, 17 мәрте жеңіс тойын тойлады. 14 бәсекені ол мерзімінен бұрын аяқтады.