Қазақстан • 27 Наурыз, 2017
Биыл қазақтың хас батыры Қаракерей Қабанбайдың туғанына – 325 жыл. Осыған орай елордада тарихи-мәдени қордың ұйымдастыруымен ғылыми-танымдық мәжіліс өтті. Жиында қор төрағасы Камал Әбдірахман, жазушы Тұрсын Жұртбай, ақын Несіпбек Айтұлы сияқты зиялы қауым өкілдері тағылымды ой-пікірін ортаға салды.
Қаржы • 27 Наурыз, 2017
Ауыл шаруашылығына сыртқы инвестиция азайғанымен, берілген несие көлемі көбеюде
2016 жылдың қорытындысы бойынша ел экономикасына құйылған жалпы инвестицияның 3,3 пайызы ғана ауыл шаруашылығына тиесілі. Бұл туралы finprom.kz сараптама агенттігі хабарлады.
Әдебиет • 27 Наурыз, 2017
Сауытбек Абдрахманов. Қазақ әдебиеттануының патриархы
«87 жыл өмір сүріп, 70 жылға таяу әдебиетте қызмет еткен адамның еңбегін атап шығудың өзі қиын. Онда мақала түгел тізімге айналып кетер еді. Сондықтан Сапекеңнің негізгі-негізгі еңбектерін атау арқылы оның шығармашылығының басты сыпатын, жазушылық ерекшелігін айту дұрыс». Сапарғали Бегалин туралы жазған «Қазақ әдебиетінің ақсақалы» атты естелік мақаласында Серік Қирабаев осылай деген.
Қазақстан • 27 Наурыз, 2017
Қазақстанда биыл уран банкі ашылады
Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко БҰҰ-ның Жаңалықтар қызметіне берген сұхбаты барысында елімізде Төмен байытылған уран банкінің ресми ашылуы биылғы 29 тамызда болатынын мәлімдеді. Бұл туралы БҰҰ Жаңалықтар орталығының un.org сайты хабарлады.
Үкімет • 27 Наурыз, 2017
Өзара байланыстар өрістей түспек
Қазақстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Әбу-Дабиде Біріккен Араб Әмірліктерінің Вице-премьері шейх Мансұр бен Заид әл Нахаянмен кездесті.