Ипотека • 27 Наурыз, 2024
Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы еліміздің, соның ішінде ауылдар мен облыс орталықтарының тұрғындары үшін қолжетімді ипотеканы әзірлеуді тапсырған болатын. Президенттің бұл сөзі халық тілегімен дәлме-дәл келгендей. Әсіресе, бірінші кезекте әлеуметтік тұрғыдағы осал топтарға басымдық берілетіні көпшілікті қуантып отыр.
Аймақтар • 27 Наурыз, 2024
Ұлыстың ұлы күнін Қостанай қаласының тұрғындары да ерекше қуанышпен той-думандатып қарсы алды. Қаланың орталығында отызға тарта отау тігіліп, мерекелік концерт, ұлттық спорт сайыстары, қолөнер туындылары мен ұлттық тағамдар фестивалі өтті.
Мереке • 27 Наурыз, 2024
Қазақ елі биыл Наурыз мейрамын он күн бойы тойлады. «Наурызнама» тұжырымдамасына сәйкес Көрісу күнінен басталған мереке Тазалық күнімен түйінделді. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Табиғат-ана да мейірім танытып, Ұлы даланың түкпір-түкпірінде сартап болған қасат қардың бауыры жылып, көбесі сөгілді. Осы айдың орта тұсынан басталған жаймашуақ күннің өзі мейрамның ерекше екенін паш етіп тұрғандай әсер қалдырды.
Көрме • 27 Наурыз, 2024
Татарстандағы «Қазан Кремлі» мемлекеттік тарихи-сәулет және көркемсурет мұражай-қорығында «Ясауи мұрасы және ежелгі Түркістан» халықаралық көрмесі ашылды. Мәдени іс-шараны «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығы ұйымдастырып отыр.
Әлем • 27 Наурыз, 2024
Мәскеу теракті: қырғынның артында кім тұр?
22 наурыз күні Ресей Федерациясының түркітілдес халықтар мекен ететін аймақтарда Наурыз мерекесі тойланып жатқанда ел астанасы Мәскеуде жантүршігерлік террористік акт тіркелді. «Крокус Сити Холл» концерт залында болған оқиғаны сарапшылар Ресей тарихындағы ең қанқұйлы терактілердің бірі деп бағалап отыр.