Президент • 04 Наурыз, 2020
Президент «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді
Қазақстан Президенті кеңеске дейін «Smart Data Ukimet» жобасы аясында Білім және ғылым, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Қаржы министрліктері мен «Ұлттық ақпараттық технология» акционерлік қоғамы атқарған жұмыстарының нәтижесімен танысты. Сонымен қатар Мемлекет басшысына «Smart Bridge» және Интернет ресурстардың бірыңғай платформасы жайында мәлімет берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 04 Наурыз, 2020
БҰҰ үйінде экология мәселесі талқыланды
Пластиктен дайындалған өнімдерден адамның ағзасы ғана емес, Жер шарының да демі ентіге бастағанын экологтардың бәрі айтып жүр. Тек 2019 жылы мұхиттардан жағалауға шығып қалған қоқыстар туралы мәліметтер ай емес, апта сайын жаңарып отырыпты. 1960 жылдары тұрмысымызды жеңілдетеді деп қуана патенттеген өнім түрлерінен адамзат енді құтылуға асығып, оны алмастыратын бұйым таба алмай басы қатып отыр.
Видео • 04 Наурыз, 2020
Бүгінгі жаңалықтар (04.03.2020)
Назарларыңызға бүгінгі күннің басты жаңалықтарын ұсынамыз. Өзекті ақпараттар мен қызықты оқиғаларға қаныққыңыз келсе, біздің сайттағы жаңалықтарды оқып жүріңіз. Сондай-ақ YouTube-тегі арнамызға жазылыңыз!
Аймақтар • 04 Наурыз, 2020
Алматы облысының әкімі «Жетісу» футбол командасымен кездесті
Қалыптасқан дәстүр бойынша Алматы облысының әкімі Амандық Баталов премьер-лига ойындары қарсаңында «Жетісу» кәсіби футбол клубының командасымен, жаттықтырушылар құрамымен кездесті. Атап өтсек, «Жетісу» биылғы маусымда өзінің алғашқы ойынын Ақтау қаласында 8 наурызда «Каспий» командасымен өткізбек. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 04 Наурыз, 2020
«CFO Summit-2020» адами капиталға инвестиция салуға үндеді
Алматыда жыл сайын өтетін CFO Summit 2020 бұл жолы да белгілі қаржыгерлер, саясаткерлер, топ-менеджерлер, ірі отандық және халықаралық компаниялардың жетекші сарапшыларының басын қосып, қаржы жүйесін дамыту мүмкіндіктерін, соңғы өзгерістер, тенденциялар мен инновациялар, сондай-ақ әлемдік экономиканың өзекті мәселелерін талқылады.