Аймақтар • 27 Наурыз, 2024
Теңіз табанында түлеген тіршілік
Әму мен Сырды қатар емген Арал теңізінің тартылуы өткен ғасырдың 60-жылдары-ақ байқала бастаған. Шалқар су жағалауынан шегіне бастағанына он шақты жыл өткенде Қасқақұлан жағы жалаңаштана бастады. Көп ұзамай-ақ бұрын кеме жүзген алып айдын айтақырға айналып шыға келді. Айналасын телегей су қоршаған Барсакелмес құрлыққа қосылды. Қазақстан өз алдына жеке ел болған 90-жылдары ұлтанынан шаң мен тұз ұшқан Арал маңынан ел ауып, жайлы қоныс іздеп, жан-жаққа жылыстай бастаған еді. Қазір құрғаған теңіз ұлтаны 6 млн гектарға жетіп отыр. Оның 2,8 млн гектары – біздің ел аумағында.
Талбесік • 27 Наурыз, 2024
Жер-ана да аңсайды қамқорлықты
Біздің айтқымыз келіп отырғаны – Наурызды тек ұлттық киім, ұлттық тағаммен шектемеу. Күн мен түн теңелетін бұл айда табиғаттағы барлық тіршілік иелеріне жан біте бастайды. Қыстың соңы, көктемнің басында жыл құстарынан хабар алады. Табиғаттың қайта түлеп, жаңаратын кезі. Демек наурыздың о бастағы философиялық мәні де осында жатыр.
Аймақтар • 27 Наурыз, 2024
Биылғы Наурыз мерекесі Орал қаласындағы 80 отбасының есінде қалатын болды. Зашаған кентінде 9 қабатты жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді. Пәтер кілтін тапсыру рәсіміне Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысты.
Сараптама • 27 Наурыз, 2024
Саламатты ұлт – сенімді болашақ
Қазіргі әлемде денсаулық сақтау саласындағы сын-қатерлердің артуы аясында саламатты өмір салты ұғымы барған сайын өзекті және маңызды болып келеді. Бұл – өзімізді күтуге ынталандырып қана қоймай, сонымен қатар ұзақ және сапалы өмірдің кілті.
Қоғам • 27 Наурыз, 2024
Мемлекеттік қызметтегі маңызды бастама
Мемлекеттік қызмет саласын реформалау – қазіргі күннің басты талабы. Жалпы басқарушылық, құқық қорғаушылық, әлеуметтік-мәдени секілді мемлекеттік міндеттерді атқаратын сала қызметі 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңмен реттеліп отырады. Салада жүргізіліп жатқан реформаның көздегені – мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіріп, осы арқылы мемлекеттік басқарудың жаңа мәдениетін қалыптастыру.