Қазақстан • 04 Наурыз, 2020
Роман Скляр Еуропалық бизнес қауымдастығы өкілдерімен кездесу өткізді
Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр Еуропалық бизнес қауымдастығының өкілдерімен кездесу барысында елдің қолайлы инвестициялық ахуалы туралы айтып, инвесторларға экономиканың түрлі секторларында: туризм, цифрлық экономика, денсаулық сақтау, инфрақұрылым және т. б. салаларда жаңа мүмкіндіктер беру мәселелерін талқылады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Әлем • 04 Наурыз, 2020
Еліміздің порттарында Әзірбайжан мен Ираннан келетін кемелерге қызмет көрсету уақытша тоқтатылады
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында ағымдағы жылғы 5 наурызынан бастап Әзірбайжан мен Ираннан келетін, адамдар мен автокөлік құралдарын жүргізушілермен тасымалдайтын теңіз кемелеріне Ақтау және Құрық порттарында қызмет көрсетудің уақытша тоқтатылатынын хабарлайды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Спорт • 04 Наурыз, 2020
Афиныда саблядан әйелдер арасындағы әлем кубогі өтеді
6 наурыз күні Грекия астанасы Афиныда саблядан әйелдер арасындағы лицензиялық әлем кубогі кезеңі өтеді деп хабарлайды Olympic.kz.
Әлем • 04 Наурыз, 2020
Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы коронавирус жұқтырды деген ақпарат расталмаған - СІМ
Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматының коронавирус жұқтырғаны жөніндегі ақпаратқа қатысты түсінік берді.
Аймақтар • 04 Наурыз, 2020
Елордаға келген туристер автобустарда CityPass картасымен тегін жүреді
Енді CityPass карталары арқылы астананың көрікті жерлеріне, музейлері мен экскурсияларына еркін кіріп қана қоймай, карта әрекет ететін 24-72 сағат аралығында қалалық маршруттарда да тегін жүруге болады. (Бұл экспресс және қаланың шеткері аймақтарына қатынайтын автобустарға қатысты емес). Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.