Спорт • 04 Наурыз, 2020

Афиныда саблядан әйелдер арасындағы әлем кубогі өтеді

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

6 наурыз күні Грекия астанасы Афиныда саблядан әйелдер арасындағы лицензиялық әлем кубогі кезеңі өтеді деп хабарлайды Olympic.kz. 

Афиныда саблядан әйелдер арасындағы әлем кубогі өтеді

Турнирге Қазақстан командасы да қатысады.  Атап айтар болсақ, Афины төрінде Әйгерім Сарыбай, Айбике Хабибуллина, Карина Доспай, Татьяна Приходько және Анастасия Гулик бақ сынайды.

Осы уақыт аралығында шпагадан ерлер командасы Будапешттегі (Венгрия) Гран-при турнирінде сынға түсетінін хабарлаған болатынбыз.