Байқау • 22 Наурыз, 2025
Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек...
Наурыз мейрамы қарсаңында Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрында қазіргі сән үлгісіндегі ұлттық киімдер көрсетіліміне арналған «Ұлттық киімдер – халық қазынасы» атты байқау өтті.
Көрме • 22 Наурыз, 2025
Әз-Наурыз мерекесі мен ұлы Абайдың биылғы 180 жылдық мерейтойының құрметіне семейлік қылқалам шеберінің көрмесі ашылды.
«Таза Қазақстан» • 22 Наурыз, 2025
Мәртөбедегі экологиялық сенбілік
Наурызнаманың онкүндігі аясында Шымкентте көптеген игі іс-шара өтіп жатыр. Соның бірі – Жаңару күніне орай Мәртөбе тұрғын алабында өткен экологиялық сенбілік. Бұл іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында қолға алынды. Осыған орай «Мәртөбе» тарихи кешенінде «Мәдени мұра» экологиялық акциясы ұйымдастырылды.
Спорт • 22 Наурыз, 2025
Алматыда үстел теннисінен ел чемпионаты өтті. Командалық жүйемен ұйымдастырылған тартыста Шығыс Қазақстан облысының құрамасы жеңіске жетті. Денис Жолудев, Сағынтай Құрмамбаев, Сергей Коновалов, Темірлан Жиенбаев, Данян Ши бастаған спортшылар финалдық сайыста Алматы құрамасын (Дастан және Айдос Кенжіғұловтар, Санжар Жұбанов, Абдулла Мамай, Дамир Сарсенбай) 3:0 нәтижесімен ұтты. Қола медаль Қарағанды мен Ақтөбе облыстарының теннисшілеріне бұйырды. Әйелдер арасында Сарвиноз Миркадирова, Әнел Бақыт, Гузель Торшаева, Екатерина Пюрко, Айя Әлімбаева сынды үздіктерден жасақталған Алматы қаласының құрамасы Қарағанды облысының (Зәуреш Ақашева, Жанерке Қошқымбаева, Арай Әшкеева, Альбина Жақсылықова, Фарья Фу) қыздарын 3:2 есебімен жеңді. Қола медальды Қостанай облысы мен Шымкент қаласының командасы еншіледі.
Құрылыс • 22 Наурыз, 2025
Аммиак пен карбамид өндіретін зауыт салынады
Қазақстанда Инвестициялар туралы жасалған келісім шеңберінде аммиак пен карбамид өндіретін зауыт құрылысы басталады. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.