«Таза Қазақстан» • 22 Наурыз, 2025

Мәртөбедегі экологиялық сенбілік

260 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Наурызнаманың онкүндігі аясында Шымкентте көптеген игі іс-шара өтіп жатыр. Соның бірі – Жаңару күніне орай Мәртөбе тұрғын алабында өткен экологиялық сенбілік. Бұл іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында қолға алынды. Осыған орай «Мәртөбе» тарихи кешенін­де «Мәдени мұра» экологиялық акциясы ұйымдастырылды.

Мәртөбедегі экологиялық сенбілік

Қазақ хандығының тұсында бұл жерге жыл сайын хан-сұлтандар, би-шешендер мен батырлар жиылып, елдің тыныштығын сақтау, көші-қон тәртібін реттеу, жаудан қорғану, басқа да маңызды мәселелерді талқылаған. Осы жерде қабылданған «Жеті жарғы» заңдар жинағы елдің бірлігін нығайтып, қазақ халқы тарихында қабылданған алғаш­қы Конституциясы болды десек қателеспейміз.

Акция барысында­ Қазақстан халқы Ассам­блеясының мүше­лері, этномәдени бірлестіктердің басшылары, зиялы­ қауым өкілдері, студенттер мен қала тұрғындары «Мәртөбе» тарихи кешенінің аумағында тазалық жұмыстарын жүргізіп, абаттандыруға атсалыс­ты. Қалалық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Досыбай Шерімқұлов акция­ның маңыздылығы туралы атап өтіп, жиналған жұртшы­лық­ты Наурыз мерекесімен құттықтады.

«Мәртөбе – халықтық би­лік­тің қайнар көзі әрі дала Парламентінің рөлін атқарған қасиетті орын. Қазақ хандығы кезеңінде мұнда «Жеті жарғы» заңдар жинағы қабылданғаны тарихтан белгілі. Ол кейін қазақ халқының тұр­мыс салтындағы құқық­тық қа­ты­нас­тардың түзі­луіне үлкен жол ашты. Заң-ере­же­лер арқылы елі­міз­дің бірлігі нығайып, біртұтас тәр­тіп орнады. Жасыратыны жоқ, кешегі сол тарихи құжат негізінде елді­­гімізді айғақтайтын қазіргі Конс­­титуциямыз қалыптасты. Мәр­­төбе біздің тәуелсіздігіміз бен бірлігіміздің тұғырлы белгісі ре­тінде қастерленуге тиіс. Сон­дық­тан мәдени ескерткіштің қал­пын бұзбай оның тарихтағы рөлін, рухани құндылығын келер ұр­пақ­қа жеткізу – басты мін­де­тіміз. Соны­мен бірге барша аға­йынды дәс­түр­лі­ мерекемен құт­тық­таймын», деді еңбек ардагері.

Соңғы жаңалықтар

Микология майталманы

Тұлға • Бүгін, 08:40

Ізденіс өндірісті қуаттандырады

Инфографика • Бүгін, 08:35

Өнеркәсіпке енгізілген жасанды интеллект

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:30

ЖИ стартабын қалай құруға болады?

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25

Тайшықовтың тағдыр-талайы

Зерде • Бүгін, 08:10

Ескерткіш тақта орнатылды

Тағзым • Бүгін, 08:05

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:03

ЖИ-дің негізін қалаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Фариза мектебінің мерейі

Руханият • Бүгін, 07:50

Қараңғыдан жарыққа жол тапқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:45