Таным • 22 Наурыз, 2025
Көктемді асыға күткен шағын ауылда тіршіліктің тіні байқалады. Қар көбесі сөгіле-мөгіле суға айналып, жылғаларды қуалай ауылдың аяқ жағындағы тоғаншыққа құйыла бастаған мезеттен ауыл іші арқа-жарқа бола бастайтын. Көктем келді деген осы. Қыстай киілген шоқпыт-шорым, саптамалы қонышты етіктер ағаш сөкінің үстінде айра-жайра жатады. Есіктің алдындағы күзде қой-ешкі қасынып, лақ-қозы ойнақтап құлатқан ошақты апам долбарлап жөнге келтіре сылап алып, қора түкпіріндегі кепкен көңнен қалап, бісмілләсін айтып тұтатып жіберетін. Қидың көңірсіген исін ауыл аралай таратқан көк шұбалаң түтін дала кезе жөнелетін.
Аймақтар • 22 Наурыз, 2025
Биылғы Наурыз мерекесі қарсаңында Ақтөбеде ерекше күнтізбе жарыққа шықты. Оның шебер көркемделген бастапқы бет-мұқабасына «Ақтөбе. 2025 жыл. Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жазылған. Күнтізбе әдеттегідей қаңтар айынан емес, Шығыстың жыл басы саналатын 22 наурыздан басталады. Яғни биылғы наурыздан келесі жылғы наурызға дейінгі уақыт аралығын қамтиды.
Мәдениет • 22 Наурыз, 2025
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев жақында Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда халқымыздың ұлттық киімін қастерлеудің маңыздылығын баса айтты. «Ұлттық киімдерге деген сұраныс арта түсті. Мектептерде, түрлі мекемелерде, ірі компанияларда ұлттық киімге мән беріле бастады. Сұранысқа сай тігін цехтары ашылып, жаңа брендтер, дүкендер пайда болды. Ұлттық киім кию біртіндеп қалыпты көрініске айналып келеді. Бұл – өте жақсы үрдіс» деуі сәні мен сапасы жағынан ғасырларға төтеп беріп, бүгінге жаңғыра жеткен ұлттық киімдеріміздің бағын аша түсетіні сөзсіз.
Тұлға • 22 Наурыз, 2025
Маңғыстауда өңірдің мақамы бөлек жырын, әуені өзге әні мен күмбірі ерен күйін тумысынан бойына сіңіріп туып, есін біле қоңыр домбыраны серік етіп, сахнаның саңлағы және сәні атанып кететін өнердің өз адамдары бар. Айрықша өнерді нәсіп еткен өлкеге табиғат оның марқасқа өкілдерін де сыйлайтын тәрізді.
Өнер • 22 Наурыз, 2025
Әлемдік брендтердің төркіні –көшпелілерден
Кейде таныс бір хош иіс балалық шағымызды, туған үйімізді, ауылымызды, еске түсіріп, жүректі жылытады. «Maison Okami» шамдары дәл осы сезімдер арқылы адамдарға ұмытылмас эмоция сыйлайды.