Аймақтар • 28 Наурыз, 2020
Шымкент: Азық-түлік қоры жеткілікті, нан бағасы 75 теңгеден аспайды
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Махсұт Исахов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте осылай деп мәлімдеді.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2020
Ақтөбеде қашықтан оқыту технологиясына әзірлік деңгейі қалыпты
Әлемге жайылған пандемия індеті қашықтан оқыту үдерісіне көшуге мәжбүр етуде. Бұл бағытта қазіргі күні еліміздің білім беру жүйесінің алдында да күрделі сын мен жауапты міндеттер тұр деуге әбден болады. Жаңа жүйе алдағы сәуір айының алтыншы жұлдызынан бастап енгізілмек. Осыған орай Ақтөбе облысында бұрын соңды беттесіп көрмеген жаңа форматтағы оқыту технологиясын жүргізуге байланысты жан-жақты әзірлік жұмыстары жүргізілуде.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2020
Бүгін: Алматыда 22 індет ошағы бар
Алматы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметіне сәйкес, 28 наурыз сағат 15.00-дегі жағдай бойынша Алматыда 22 індет ошағы бар.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2020
Алматы: Қазынашылық органдар қысқартылған кестеге көшті
Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Төтенше жағдай жөніндегі жедел штаб қаланың қазынашылық органдары 30 наурыздан 5 сәуірге дейінгі аралықта қысқартылған кесте бойынша жұмыс істейтіндігі туралы хабар таратты.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2020
Алматыда 1500 полиция мен әскери қызметкер күзетті күшейтеді
Алматы қаласында карантиндік режимді күшейту жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімінің орындалуын бақылау үшін 28 наурыз күні сағат 00: 00-ден бастап полиция Департаменті, әскери полиция, сондай-ақ Ұлттық ұлан қызметкерлерімен қала көшелерін күзетуді күшейтеді. Сондай-ақ, патрульдік полиция Полкі мен Мамандандырылған батальонның жеке құрамының көмегімен екі ауысымдық авто патрульдеу түрінде көшелерді күзету енгізілді.