Футбол • 24 Наурыз, 2017
Қазақ футболын дамытқым келеді – Хидир Акбаш
Хидир Акбаш – Германияның Кельн қаласындағы әйгілі Deutsche Sporthochschule мектебін бітірген. Докторлық дәрежесі мен УЕФА-ның лицензиясын алған. Әлемнің кез келген жерінде жаттықтырушы қызметін атқара алады. Бірнеше жыл Түркияда түрлі командаларды жаттықтырған. Қазақ қызына үйленген. Алдағы уақытта Қазақстан футболын дамытуды армандайтынын жасырмады, деп хабарлады vesti.kz.
Әлем • 24 Наурыз, 2017
Қытайда тұрғын үй ішінен пойыз өтеді
Көпшілігі тұрғын үй таңдағанда оның қоғамдық көлік аялдамаларына жақын болғанын қалайды. Ал Қытайдың Чунцин қаласында пойыз ғимараттың ішінен өтеді, деп жазады CNN.
Қазақстан • 24 Наурыз, 2017
ЭКСПО көрмесіндегі Қытай павильонының ауқымы үлкен – ҚХР елшісі
Биылғы жылы Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде Қытай павилондарының ауқымы басқаларымен салыстырғанда үлкен. Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэй қазақстандық БАҚ өкілдерімен кездесуінде айтты.
Аймақтар • 24 Наурыз, 2017
ОҚО-да жыл соңына дейін 150 дәрінің бағасы көтерілмейді
ОҚО әкімдігі, Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің ОҚО облысы бойынша департаменті, «Даму» ОҚО фармацевтикалық және медициналық қызметкерлер қауымдастығы препараттардың бағасының өсуіне жол бермеуге бағытталған меморандумға қол қойды. Келісімге сәйкес облыста 150 препараттың құны жыл соңына дейін өзгермейтін болады.
Әлем • 24 Наурыз, 2017
Қытайда электр қуатынсыз отырған отбасы жоқ - Қытай елшісі
Қытайда барлық елді мекендерге электр энергиясы жеткізілген. Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэй қазақстандық БАҚ өкілдерімен кездесуінде айтты.