Мереке • 22 Наурыз, 2025
Мұнда тарих пен тамыр, татулық пен тұтастық, үлгі мен өнеге, ең бастысы, шуағын шашқан мейір мен махаббат бар. Дүниеде шуақ пен мейірімге жететін жаратылыс жоқ. Өмір сондықтан тәтті. Әйтпесе, «ата-анадай елжірер күннің көзі» деп айта ма ұлы Абай. Қараны – ақ, суықтың мысын жылу басқан күннен бастап бәрі теңеседі. Қай жерде жарық пен шуақ мол, халық пен махаббат та сонда үйірсектейтіні бесенеден белгілі. Біздің жыл басы Наурыз бойына осы құбылыстардың бәрін топтастырған ұлы мейрам екеніне бәс тігуге бармыз ендеше.
Президент • 22 Наурыз, 2025
Наурыз – игілікті істер мерекесі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЭКСПО көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесін жұртшылықпен бірге қарсы алды. Президент мерекелік іс-шараға жиналған көпшілікті Наурыз мейрамымен құттықтап, жылы лебізін жеткізді.
Аймақтар • 21 Наурыз, 2025
Абай облысының әкімі аудандардағы ахуалмен танысты
Абай облысының әкімі Берік Уәли жұмыс сапарымен Көкпекті, Жарма аудандарына барды. Ондағы әлеуметтік, мәдени маңызды нысандарды аралап, аудандардың ахуалымен танысты.
Аймақтар • 21 Наурыз, 2025
Ақмола облысында жағдай жіті бақылауда
Ақмола облысында көктемгі су тасқынының қарқыны басталды, бірақ бұл жағдай жергілікті құзырлы органдар үшін тосын сый емес. Олар жедел әрекет етуді бастады. Тасқын судың алдын алу үшін техника бірліктері толық қуатында жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Наурыз, 2025
Қостанай облысында су тасқынына қарсы шаралар жасалып жатыр
2025 жылғы 21 наурыздағы жағдайға сәйкес өңірдегі жағдай тұрақты, барлық тартылған қызметтер үйлесімді және үйлестірілген түрде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.