Құқық • 27 Наурыз, 2023
Атырау облысына алыс және таяу шетелден келетіндер көп. Тіпті осы өңірде тұрақтап қалуды көздейтін шетелдіктер де жетіп артылады. Олардың арасында еліміздің көші-қон заңдылығын бұзатындар, тіпті заңсыз жүретіндер кездеседі.
Қоғам • 27 Наурыз, 2023
Атырау облысының жұртшылығын күре жолда ажал құштырған жол-көлік оқиғасының көбейгені алаңдатып отыр. Мәселен, былтыр 89 жол-көлік оқиғасының салдарынан 50 адам көз жұмған. Жыл басталғалы 10 наурызға дейін 54 жол апатынан 24 жолаушы жантәсілім еткен. Ал 75 адам әртүрлі жарақат алған.
Әйел әлемі • 27 Наурыз, 2023
Осы бір талдырмаш, қайсар қыздың талайдың қолайына келмеген ауыр қылмыстық істерді ұршықша иіріп әкететіні бөлімдегі әріптестеріне кейде сиқырдай көрінетіні рас. Қылмыс әлеміндегі қаншама құпияны ашу үшін есепсіз тер төгілетінін былайғы жұрт қайдан білсін. Замира Исакованың міндеті – ақ пен қараның, кінәлі мен жазықсыздың ара-жігін ажырату.
Құқық • 27 Наурыз, 2023
Жертөледе жасалған спирт өнімдерінің зардабы ауыр
Қолдан арақ-шарап өнімін жасап, сату барлық өңірде кездеседі. Кез келген қалада құқық қорғау органдары жасырын цехтарды әшкерелеп жатады. Әсіресе спирт өнімдерін пластикалық бөтелкелерге құятын осындай алкоделдалдар елдің денсаулығына да, экономикаға да ерекше қауіп төндіруде. Ал талап бойынша сырадан басқа барлық алкогольді пластикалық контейнерлерге құюға тыйым салынған. Себебі пластик пен алкоголь бір-бірімен әрекеттесетіндіктен, адам денсаулығына аса улы қосылыстар түзеді.
Тарих • 27 Наурыз, 2023
Балконда музыка тыңдап, темекі шегіп отыратын екі бозбала есіңізде шығар? Ол заманның есейіп қалған оқушыларының көп жүретін жері көше, ал фильмдегі екеудің отбасы мен көшеден бөлек оңаша уақыты балконда өтеді. 1988 жылы режиссер Қалықбек Салықов Олжас Сүлейменовтің «Балкон» поэмасының желісімен түсіріп, сол жылы жарыққа шыққан «Балкон» фильмі емеурінге толы, аса күрделі туынды. Тіпті алғаш көрген адам соғыстан кейінгі Алматының бір ауданы көлеміндегі картина, ностальгия ретінде қабылдауы да мүмкін. Алайда режиссер мүлде басқа дүниелерді ымдайды да отырады. Туындының өне бойы ым мен емеуріннен тұрады. Ана бір жуан қарын арызқой мен күйеуі ішкіш әйел, Боря ағайдан басқасында айқай жоқ десе болады. Бұл көркем туындының жетістігі емес пе? Бұрын көргендерге бұл киноны қайта көруді, көрмегендерге аса ыждаһаттылықпен тамашалауға кеңес берер едік.