Белгілі шахматшы, әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Instagram парақшасында Нью-Делидегі Гран-при турнирінде туындаған дауға қатысты пікір білдіріп, эмоцияға ерік бергені үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мен айтқан бір эпизод жағдайды өршітіп жіберді. Бәріміз не істейтінімізді білмей қалдық. Аздап қызбалыққа салынып кеткен шығармын. Сол үшін көптеген хейтке де тап болдым. Ақылға салып, салқынқандылық танытудың орнына эмоцияға берілген кезде, оның өз әсері болады. Бұл бәрімізге сабақ болуға тиіс. Шахматшы алдағы бірнеше қадамын ойланып жүруі керек. Бұның өмірде де маңызы зор. Ондағы қатенің бағасы шахмат тақтасына қарағанда әлдеқайда жоғары. Егер мен қателессем, мойындауға дайынмын», деп жазды шахматшы.
Ол Нью-Делиде болған келеңсіздіктердің жөн емес екенін, лайықты құрмет көрсетілуі керек болғанын айтты.
«Егер біреуді қорлаған болсам, кешірім сұраймын. Біреудің ар-намысына тиемін деген ойым болған жоқ. Оған лайықты құрмет көрсетілсін», деді Асаубаева.
Қызылорда облысы инвестиция тартудан алда тұр
Аймақтар • Бүгін, 18:32
Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірін Астана әуежайында қарсы алды
Президент • Бүгін, 18:12
«Кәмпит алып берді»: Алматыда белгісіз ер адам 8 жасар қызды ұрлап әкеткен
Аймақтар • Бүгін, 18:05
Аймақтар • Бүгін, 17:50
Экс-депутат Нұржан Әлтаев пара алды деген күдікпен ұсталды
Қоғам • Бүгін, 17:41
Президент Яссауи кесенесіне барған ЮНЕСКО-ның Бас директорына алғыс айтты
Руханият • Бүгін, 17:05
Ұқсас жаңалықтар