Аймақтар • 21 Наурыз, 2017
Ақтауда Наурыз мерекесін тойлауға 25 киіз үй тігілді
Ақтауда көктем жаңбырлы басталды. Тұрғындарда 2-3 күннен бері жауған нөсер жауын Ұлыстың ұлы күні мерекесін тойлауға кедергі бола ма деген қорқыныш та болмай қалған жоқ.
Аймақтар • 21 Наурыз, 2017
Солтүстік Қазақстанда Наурыз мерекесі атап өтілді
Облыстың жаңадан тағайындалған әкімі Құмар Ақсақалов аға буын өкілдерімен кездескенде Наурыз мейрамын биыл аулалық аумақтар мен тұрғын-үй жайларында да қарсы алуды дәстүрге айналдырған жөн деген ой тастаған болатын.
Күрес • 21 Наурыз, 2017
Қазақ күресінен ел чемпиондары анықталды
Алматыдағы «Халық Арена» спорт кешенінде қазақ күресінен ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің 14 облысы және Алматы мен Астана қалаларынан келген 200-ден аса балуан қатысты.
Аймақтар • 21 Наурыз, 2017
Семейде ұлық мереке 31 наурызға дейiн тойланады
Семейдегi наурыз мерекесіне арналған негізгі iс-шаралар 22 наурыз күні орталық алаңда өтетін болады.
Президент • 21 Наурыз, 2017
Елбасы Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысты
Мемлекет басшысы «Сарыарқа» велотрегінде өткен іс-шараға қатысушыларға арнаған сөзінде барлық қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтап, отандастарымыз бұл мерекені туыстарымен және достарымен бірге қарсы алуды дәстүрге айналдырғанын атап өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.