Хоккей • 25 Наурыз, 2022
Қазақстанның қарсыласы – Франция
Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы мамыр айында Финляндияның Хельсинки және Тампере қалаларында жалауы желбірейтін 85-ші әлем чемпионатының бағдарламасына аздаған өзгеріс енгізгенін мәлімдеді.
Спорт • 25 Наурыз, 2022
Зайнутдинов үздіктер қатарында
Таяуда немістердің Transfermarkt сайты бұрынғы КСРО құрамында болған мемлекеттердің арасындағы шабуыл өтінде жүретін ең құнды жартылай қорғаушыларының рейтингін жариялады. Бұл тізімде қазақстандық Бақтиер Зайнутдинов та бар.
Спорт • 25 Наурыз, 2022
14-16 сәуір аралығында Нұр-Сұлтандағы Ұлттық теннис орталығында Билли Джин Кингтің кубогы жолындағы жарыстың іріктеу кезеңінде Қазақстан мен Германия құрамалары өзара шеберлік сынасады. Қазірдің өзінде аталған бәсекеде қос команданың қандай құрамда өнер көрсететіні белгілі.
Спорт • 25 Наурыз, 2022
Бұрнағы күні Францияның Монепелье қаласында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты басталды. Аталған жарыста әдеттегідей төрт жүлде жиынтығы сарапқа салынуда. Жер- жаһанның әр қиырынан келген 200-ге тарта үміткер бір апта бойы өз өнерлерін ортаға салып, жеңіс тұғырына көтерілуге кімдер лайық екенін анықтауда. Бұл дода 27 наурызда өз мәресіне жетеді.
Экология • 25 Наурыз, 2022
Дария арнасы төмен, ел көңілі елең
Қазір арнасы ортайып, суалып сұлқ түскен Сырдария анда-санда тіршілік белгісін байқатып, әлсіз ғана бүлкілдеп жатқан қан тамыры сияқты. Әсіресе, жазда жылғаға айналып кете жаздаса да қайран өзен ел өзегін жалғауға жарап тұр. Жылда қаңтардың аяғында облыстың Шардара мен Көксарайдан алатын су лимиті белгілі болып, соған сәйкес өңірде егілетін күріш пен басқа да дақылдардың аумағы нақтыланатын. Биыл аймаққа жететін су көлемі наурыздың аяғында ғана анық болатын сияқты. Осыдан да күн жылып, жер жіпси бере далаға қарайтын диқандар әлі дайындыққа кірісе алмай дағдарып отыр. Су мамандарының болжамы да көңіл қуантып тұрған жоқ. Олардың айтуынша, осы жылы дария арнасы былтырғыдан да төмендей түсетін түрі бар.