Таным • 20 Наурыз, 2025
Наурыз мерекесі жақындағалы ел іші қауырт күйге енген. Кеше ортаншы немерем WhatsApp арқылы хат жолдапты. Түйгенім, мектепте өтетін Наурыз тойына киіп баратын ұлттық киім керек екен. Өзі бұйымтайын жиі айтады. Атасын шынымен жақсы көре ме, әлде әке-шешесі үйінде «атаңнан сұра» деп үйретіп отыра ма, ол жағы белгісіз. Әйтеуір, бір жақсысы өтінішін ата деп бастайды. Ата деген сөзге ішің уылжып кетпей ме, аспандағы айдан басқаның бәрін әперуге бейімсің.
Ғалам ғажаптары • 20 Наурыз, 2025
Майкл Джордан – баскетбол әлеміндегі ең ұлы ойыншылардың бірі. Бірақ оның жолы басынан бастап жеңіске толы болмаған.
Ұлттық спорт • 20 Наурыз, 2025
Алматы облысы Талғар қаласындағы А.Кивилев атындағы спорт кешенінде ұстаздар арасында асық ату мен бес асықтан республикалық турнир өтті. Аталған дүбірлі додаға Алматы қаласы мен Алматы, Жамбыл, Жетісу , Түркістан облыстарынан жиналған ұстаздар қатысып, өзара сайысқа түсті.
Ғалам ғажаптары • 20 Наурыз, 2025
Ферруччо Ламборгини – трактор шығарып, ауыл шаруашылығы техникасын дамытумен айналысқан кәсіпкер еді. Намысына тиген бірауыз сөз оны әлемге танымал тұлғаға айналдырды.
Театр • 20 Наурыз, 2025
Әр жылы әз-Наурыз қарсаңында кішкентай көрермендерін ерекше қойылымдарымен қуантуды дәстүрге айналдырған Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры «Жыл он екі ай» атты қазақ халық ертегісінің желісімен «Наурыз құпиясы» атты жаңа туындысын сахнаға шығарды. Бұл туынды ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен «Наурызнама» тұжырымдамасына негізделген. Әр күннің өзіндік мағынасы бар мерекелік онкүндік шеңберінде спектакль көрермендерге Наурыздың рәміздік мәнін айшықтап, бауырмалдық пен мейірімділікке, қамқорлық пен жанашырлыққа, рухани тазару мен жандануға зейін сала отырып, ұлттық киімдердің, спорт түрлерінің және мәдени мұралардың маңызын көрермен санасына дарытады.