Тарих • 18 Сәуір, 2018
Біржан Белғара, Ауған соғысы ардагері: Даңққа дақ түсірме, ұлым!
Адам баласы өресі биік интеллектуалдық деңгейге көтерілсе де, әлі күнге дейін төрткүл дүние соғыс өртіне тұншығып жатыр. Сириядағы мыңдаған адамның өмірін жалмап, миллиондаған жанды босқынға айналдырған соғыстың бір сәтке де тыншитын түрі жоқ. Осыдан дәл қырық жыл бұрын басталған Ауғанстандағы соғыс он жылға созылған еді.
Әдебиет • 18 Сәуір, 2018
Дәстүрлі тәрбие дәрістері: Тыйым сөздер
Балалық деген балдәурен барлық пенденің басынан өтеді. Балалық па, шалалық па, әлде мына аласапыран, қым-қуыт заманға налалық па, әйтеуір сол балауса ғұмыр базарында білместіктен біршама былғанышты батпақ басатынымыз анық. Сонда бізді балшық-быламықтан бір құтқарса әке-шешеміз құтқарушы еді-ау.
Алматы: Шағын ауданның астарлы ақиқаты
Алматыда аты жоқ, бірақ, нөмірленген 12 шағын аудан бар. Шынтуайтында, олар 12 емес, барлығын қосқанда – 13. Қала сәулетіне билік жүргізуші партия қызметкерлері, сірә, жобалау үстінде «шайтанның 12-сін» сес көрген-ау, ақырғы шағын ауданды – 10 «А» деп белгілепті.
Әдебиет • 18 Сәуір, 2018
Қайғының емі: естірту немесе «алтын кімдікі болады?»
Ауыздығымен алысқан асау да арынды арғымақ – өмір кімдерді арқасынан аударып тастамай жатыр. Алды арманға, жан-жағы үмітке толы тынымы жоқ шылбыр қашаған тірліктің тәтті елесінің соңынан зымырап келе жатқан қанша ғұмыр өзі де, өзге де ойламаған тұстан оқиятта омақаса мерт болды. Ол – біреудің арқа сүйер әкесі, ол – біреудің мейірімді анасы, ол – біреудің бауыр еті баласы, ол – біреудің жүрегінің жартысы еді ғой...
Жаны ауырғанның жанын ұқсақ қой
Адам үшін денсаулықтан артық не бар?! Басың ауырып, балтырың сыздаған күні қу жаның қуырдақ болады. Емханаға барасың. Мөнді-мөнді болып дәрігердің алдында отырасың. Кейде сол дәрігерге жетудің өзі мұң.