Қоғам • 30 Сәуір, 2019
Қазақстан-Мажарстан бизнес-форумы өтті
Кеше елордада Қазақстан-Мажарстан инвестициялық бизнес-форумы өтті. Мажарстан Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Михай Варганың елімізге сапары аясында өткен шараға екі елдің мемлекеттік органдарының басшылары, 150-ден астам бизнес өкілі қатысты.
Сайлау • 30 Сәуір, 2019
Әміржан Қосановтың Конституция талаптарына сәйкестігі анықталды
Орталық сайлау комиссиясының отырысы өткізілді, оған саяси партиялар мен бірқатар мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Отырыста Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Әміржан Қосановтың ҚР Конституциясының және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сәйкестігін анықтаған қаулы жобасымен Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ақылбек Ихданов таныстырды.
Үкімет • 30 Сәуір, 2019
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Елбасының студент жастардың жағдайын жақсарту жөніндегі тапсырмаларын орындау барысы қаралды.
Қоғам • 30 Сәуір, 2019
Біздің бала күнімізде көкелеріміз жеңгелерімізді атқа өңгеріп немесе трактордың тар кабинасына екі бүктеп тығып та әкеле беруші еді. Үйге бір әкеліп енгізген соң көкеміздің ештеңемен шаруасы жоқ, бір нәрсені тындырып тастағандай шіреніп «мен әкелуін әкелдім, ендігісі сіздердің міндеттеріңіз» дегендей, маңғаз қалып танытып, екі қолын қалтасына салып шікірейіп, шіреніп тұратын. Мұнан соң ауыл-аумақтағы кемпір-сампырларға кәдімгідей жұмыс табылып қалады. Жаңа ғана босаға аттаған келінге орамал жабу, оны үйге адыраспан түтетіп, табаға май салдырып, оң аяғымен аттату, ақ шымылдық ішіне кіргізу, қуғыншыларға бөлек дастарқан әзірлету, қыз сыңси бастаса «ата-бабалар салтын» көлденең тарту, өзінің де бір кездері осылай келгенін айтып, жап-жақсы өсіп-өнгенін тәптіштеп түсіндіру, иландыру – өз алдына бір институт болатын.
Азия даму банкі мен ForteBank бірлесіп, кәсіпкерлікті дамытуға 31 млрд. теңге жұмсамақ
ForteBank Азия даму банкінен қаражат тарту арқылы Шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыру бағдарламасының қатысушысы болды. Бұл бағдарлама Қазақстан кәсіпорындарын тиімді шарттармен белсенді несиелендіруге көмектеседі.