Аймақтар • 29 Сәуір, 2019

Шымкентте жатақхана мәселесі 2021 жылы толық шешіледі - әкім

1347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі Үкімет отырысында Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қаладағы жатақхана мәселесі 2021 жылы толық шешілетінін айтты.

Шымкентте жатақхана мәселесі 2021 жылы толық шешіледі - әкім

«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының өз қаржысы есебінен қолданыстағы оқу ғимаратын 450 орындық жатақхана етіп, қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Жатақхана осы жылдың қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Екіншіден, әкімдік тарапынан Шымкент әлеуметтік кәсіптік корпорациясы арқылы 5 мың орындық жатақхана салу жоспарланып отыр»,  деді Ғабидолла Әбдірахымов.

Мегаполис басшысының айтуынша, Шымкент-сити ауданынан 2 гектар жер бөлініп, 2,5 мың орындық 12 қабатты 8 жатақхана салынатын болады. Сонымен қатар, қалған жатақхана орнының тапшылығын жою үшін Тұран шағын ауданынан қосымша 4 гектар жер бөлінді. 

«Қазіргі уақытта ЖСҚ әзірленіп, жеке инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде. Жалпы, осы жылы 1 810 орындық бірнеше жатақхана пайдалануға беріледі. Қаладағы студент жастарды жатақхана мәселесі 2021 жылы толық шешілетін болады», деді Ғ.Әбдірахымов.