Әлем • 18 Сәуір, 2026
Андаман теңізіндегі апат: 250 адам мінген кеме суға батып, 9 адам ғана аман қалды
Бенгаль шығанағы мен Андаман теңізіндегі жағдай соңғы жылдардағы ең ауыр гуманитарлық дағдарыстардың біріне айналды. Мәліметтерге сүйенсек, 2025 жыл рохинджа босқындары үшін ең қатерлі кезең болды. Теңіз айдынында 900-ге жуық адам қаза тауып немесе хабар-ошарсыз кеткен. Ал соңғы он жыл ішінде бұл суларда 5 мыңға жуық босқын ажал құшқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Сәуір, 2026
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы мен «Отбасы банк» бірлесіп, теміржолшылардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған жаңа әлеуметтік жобаның бірінші кезеңін іске қосты. Бұл бастама пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі мен үздіксіздігін қамтамасыз ететін өндірістік сала қызметкерлеріне арналған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Сәуір, 2026
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Астанада азаматтардың сеніміне кіріп, ірі көлемде алаяқтық жасаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Өзін қажылық сапарын ұйымдастырушы ретінде таныстырған ол 17 адамды алдап, 7,4 млн теңгеден астам қаражатты заңсыз иемденген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Сәуір, 2026
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабеков Алматы гарнизонына жұмыс сапары барысында үшінші ұлттық бітімгерлік контингенттің дайындық барысын пысықтады. Қазақстандық әскери қызметшілер БҰҰ-ның Голан жоталарындағы миссиясын орындауға сақадай сай, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 18 Сәуір, 2026
Түркияда мектепке шабуыл жасамақ болған топ ұсталды
Түркияның Измир қаласында білім ошағына қарулы шабуыл жасамақ болған сегіз адамнан тұратын топ қолға түсті. Күдіктілердің басым бөлігі мектеп жасындағы жасөспірімдер екені белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.