Бокс • 16 Сәуір, 2018
Бокс • 16 Сәуір, 2018
Альварес жекпе-жектен неге бас тартты?
Жуырда отандасымыз Геннадий Головкинмен жұдырықтасатын мексикалық боксшы Сауль Альварес допинг қолданды деген айыппен бокстан уақытша шеттетілгені белгілі болды. Мұндай шешімді Невада штатының атлетикалық комиссиясы қабылдаған. Аталған допинг дауынан соң Альварес пен Головкин арасында 5 мамырға жоспарланған айқастың болмай қалу қаупі бар екені айтылып, отандық және шетелдік БАҚ-та қызу талқыланып жатқанда Альварес Головкинмен жұдырықтасудан бас тартты.
Кино • 16 Сәуір, 2018
Қазақстандық каскадерлар Disney фильміне түседі
Disney студиясы тағы бір анимациялық туындыны қайта түсіреді. Disney «Күлбике», «Сұлу мен құбыжық» мультфильмдерін шығарғаннан кейін, «Мулан» көркем картинасын ұсынбақшы, деп хабарлады hollywoodreporter.com.
Таным • 16 Сәуір, 2018
Бүгінгі күні рухани түлеу басты ұстанымға айналды. Ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың рухани жаңғыру идеясының аясында өрістеп отыр. Бұл істе қасиетті дініміздің алатын орны ерекше. Имандылыққа баулитын, ізеттілікке үйрететін Құран хадистерінің жөні бөлек. Біз осындай жаңғыру жолына түскен мемлекетіміздегі діни ұғымдарымыздың жайын Астана қаласындағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалы саналатын «Шейх Құнта қажы» мешітінің бас имамы Яхия қажы Исмайловпен тілдескенде әңгімемізге арқау еткен едік.
Әдебиет • 16 Сәуір, 2018
Шортанбай жыраудың туғанына – 200 жыл: Зар заманның зарлығы
ХІХ ғасырда Ресей отаршылдығының оспадар саясатына қарсы қазақ халқының мүддесін қорғап, ұлт болашағы үшін жанталасып, елінің сөзін сөйлеген аузы дуалы ақын, абыз Шортанбай жырау еді. Бар ғұмырын туған халқының өзіндік қайталанбас болмыс-бітімін сақтауға арнап, елінің жоғын жоқтағаны үшін көзінің тірісінде Патша өкіметін жақтағандар оған теріс қабақ танытса, өлгеннен кейін де, кешегі совет заманында есімі қуғынға ұшырап, кітаптарын белсенділер өртеп, бірер шумақ жырын жатқа айтқан талай азамат Сібірге айдалды.