Шахмат • 19 Сәуір, 2023
Астанадағы шахматтан әлем чемпионатының аясында тарихта тұңғыш рет әйелдер арасындағы Қазақстан мен дүние жүзінің ең таңдаулы гроссмейстерлерінен жасақталған әлем құрамасының матчы өз мәресіне жетті. Жарыс ережесіне сәйкес, шахматшылар турнирдің алғашқы екі күнінде рапидтен сынға түссе, кеше блиц бойынша шеберлік байқасты. Аса тартысты өткен бәсекеде жерлестеріміз өз жанкүйерлерін қуанта алмады. Үш күнге жалғасқан ойлылар додасында әлем құрамасының шахматшылары үздік шықты.
Мәселе • 19 Сәуір, 2023
Жаңа технологиясыз жылу орталығы
Жыл басында Екібастұз пен Риддердің жылу орталықтарындағы болған апатты жағдай алматылықтарды да алаңдатып қойды. Өйткені алып шаһарда да жағдай аса мәз емес. Осыған дейінгі баспасөз жиындарында «Алматы электр станциялары» акционерлік қоғамына қарайтын стансаларында негізгі жабдықтардың тозу дәрежесі 78 пайызға жеткені туралы сан мәрте айтылған-ды. Енді соның бәрін көзбен көрудің, 60 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан желілердің қазіргі жағдайымен танысудың сәті түсті.
Кәсіпкер • 19 Сәуір, 2023
Алматы кәсіпкерлерін не мазалайды?
«Атамекен» ҰКП алаңында Қайырбек Сүлейменовтің төрағалығымен Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Кеңесте Алматы қаласында кәсіпкерлік қызмет дамуының мәселелері қаралды.
Бизнес • 19 Сәуір, 2023
Қосымша құн салығының мәні мен мақсаты
Таяуда «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында жаңа Салық кодексіне байланысты жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Онда бизнес өкілдері қосымша құн салығының мөлшерлемесі мәселесін қарастырып, салықтың бірыңғай мөлшерлемесін сақтау немесе сараланған мөлшерлемені енгізуді талқылады.
Экспорт • 19 Сәуір, 2023
Каспий құбыр консорциумы биыл өзінің құбыр жүйесі арқылы экспортқа мұнай тасымалдауды шамамен 66 миллион тоннаға арттырмақ. Консорциум былтыр сыртқа 58,7 млн тонна мұнай шығарса, оның 52 млн тоннасы – Қазақстан мұнайы. Атап айтқанда, еліміздегі ең ірі кен орындары – Теңіз, Қашаған және Қарашығанақта тиісінше 29, 12 және 10 млн тонна қара алтын алынған.