Күрес • 16 Сәуір, 2026
Балуандарымыз Бішкектегі Азия чемпионатында жеті жүлде алды
Күрес түрлерінен Бішкекте өткен Азия чемпионаты мәреге жетті. Биыл күзде Жапонияда алауы тұтанатын жазғы Азия ойындары мен Бахрейнде жалауы желбірейтін әлем чемпионатына тыңғылықты даярланып жатқан Қазақстанның ұлттық командасы Қырғызстанға қосалқы құрамдағы балуандарын жіберді. Бірақ ізбассарлар бұл «майданға» дайын болмай шықты. Күрестің үш түрі бойынша 30 жерлесіміз күш сынасқанымен, солардың жетуі ғана жеңіс тұғырына көтерілді. Қалған спортшымыз елге еңселері түсіп оралды, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 16 Сәуір, 2026
Алаяқтықтың алдын алу: Ұстаздар арасында арнайы акция ұйымдастырылды
Шығыс Қазақстанда ұстаздардың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған ауқымды іс-шара өтті. «Заң мен тәртіп» нарративін іске асыру аясында ұйымдастырылған бұл бастама білім беру саласы қызметкерлерінің алаяқтыққа қарсы иммунитетін күшейтуді көздейді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Сәуір, 2026
Түйткілі көп газ мәселесі: Нысандарда қауіпсіздік ережелері неге сақталмайды?
16 сәуір – Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлері күні. Алайда мерейлі күннің аясында мерекелік көңіл-күйден бөлек, ел қауіпсіздігіне тікелей қатысты түйткілді мәселелер де назардан тыс қалмауы тиіс. Әсіресе, қоғамдық тамақтану орындары мен көпқабатты тұрғын үйлердегі газ қауіпсіздігінің ахуалы бүгінде басты бақылауда. Осы орайда, қала тыныштығын сақтау жолында атқарылып жатқан бақылау жұмыстары мен анықталған заңбұзушылықтардың жай-жапсарын «Астана қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ маманы Рақымжан Бектанов тарқатып берді.
Парламент • 16 Сәуір, 2026
Цирфлық сервис: Депутат «тәуелсіз қызметкер» мәртебесін бекітуді ұсынды
Сенатор Бибигүл Жексенбай платформалық жұмыспен қамтуды құқықтық реттеу және цифрлық сервистер арқылы жұмыс істейтін азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелерін көтерді. Депутат өз сауалында соңғы жылдары Қазақстанда онлайн-платформалар арқылы, әсіресе жеткізу және жолаушылар тасымалы саласында жұмыспен қамту қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 16 Сәуір, 2026
FIRST Championship: Еліміздің 17 командасы халықаралық инженерлік бәйгеде бақ сынайды
Қазақстанның робототехникадан ұлттық құрамасы әлемдегі ең беделді халықаралық жарыстардың бірі FIRST Championship әлемдік кезеңіне дайындық жүргізіп жатыр. Аталған білім бәйгесінде 200-ден астам оқушы бақ сынайды, деп хабарлайды Egemen.kz.