Президент • 22 Сәуір, 2019
Елордадағы Назарбаев орталығы ғимаратында орналасқан Тұңғыш Президент – Елбасы кітапханасында Халықаралық Түркі академиясы және еліміздің бас басылымы «Egemen Qazaqstan» газеті бірлесіп шығарған «Түркі интеграциясының архитекторы» және «Елорда эпопеясы» атты кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтті.
Аймақтар • 22 Сәуір, 2019
Хоккейден Әлем чемпионаты кезінде жанкүйерлерді «Барыс Аренаға» арнайы автобустар жеткізеді
Арнайы автобустарда жүру құны қоғамдық көліктегі жолақының мөлшерімен бірдей деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты «Sportinform» СИА-ға сілтеме жасап.
Аймақтар • 22 Сәуір, 2019
Түркістан облысында биыл 600 шақырымға жуық жол пайдалануға беріледі
Ағымдағы жылы Түркістан облысында жалпы ұзындығы 968 шақырым жол мен 5 көпірдің құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Оның ішінде, 2018 жылдан 21 нысан (435,6 шқ. жол) өтпелі болса, 2019 жылы жаңадан басталатын 30 нысанға (532,4 шқ. жол, 5 көпір) тиісті қаржы қаралған. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 22 Сәуір, 2019
Тұңғыш Президенттің бастамалары – халық игілігіне бағытталған бағдарламалар
Өткен жылы еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» жөнінде халыққа арнаған Үндеуінде: «Бұл қадам талайдан бері менің көкейімде жүр. Бірақ Қазақстан алдымен бойына күш, қазынасына қаржы жинап, қуатты елге айналуы керек еді. Міне, сол күн де туды!» деп әрбір қазақстандық отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру, жалақысы төмен жұмыскерлердің еңбекақысын көбейту жөніндегі кең ауқымды шараларды жариялаған болатын. Олар ел экономикасының алға басуының, қоғамдағы саяси тұрақтылықтың арқасында жүйелі іске асырылып қана қоймай, ауқымдары одан әрі кеңейтіле түсуде.
Қазақстан • 22 Сәуір, 2019
Республикалық маңызы бар жолдардың тез тозуына салмағы шамадан тыс ауыр жүктерді таситын автокөліктердің көптігі себеп. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сөз болды.