Кеңеске еліміздің жоғары оқу орындарының және Том, Омбы, Новосібір университеттерінің ректорлары жиналды.
Іс-шараға облысы әкімі Болат Бақауов пен Қазақстан ЖОО Ректорлар кеңесінің төрағасы Ерлан Садықов қатысты.
- Біздің еліміздің жоғары білім беру орындары кәсіпкерлік идеялар мен жобаларды қабылдап, жүзеге асыруда. Мақсат- жас талантты кәсіпкерлер мен инновациялық жобалар авторларын, инвесторларды, технопарктердің, жетекші өңірлік жоғары оқу орындары мен ғылыми институттардың өкілдерін қалыптастыру, – деп атап өтті Болат Бақауов.
Өз баяндамасында С. Торайғыров атындағы университет ректоры Гауһар Ахметова сұранысқа ие кадрларды дайындау – білім беру қызметі сапасының басты индикаторларының бірі,-деді.
- Әрбір ЖОО осы көрсеткішке жету үшін өз формуласын табуы керек. Және бұл формула жұмыс істей ме,жоқ па, оны тек практикада ғана анықтауға болады. Біздің оқу орны да соңғы бірнеше жыл бойы осыған мақсатты түрде келді. Енді түлектердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін үш негізгі компонентке басымдық беріледі. Бұл–экономиканың нақты секторымен тығыз ынтымақтастық, қазіргі заманғы білім беру технологияларын қолдану және кәсіпкерлік ортаны қалыптастыру. Егер бұрын бізде студенттер жұмыс іздемей, тек жұмыс орнын құрады деген ұран болса, қазір оны толықтырып, әрбір осындай жұмыс, әрбір бизнес-жоба ең алдымен өмір сүру ортасын жақсартуға, адамның өмір сүру сапасын арттыруға ұмтылу, шындықты енгізу және өзгерту, – деді Г. Ахметова.
Сонымен бірге, отырыста М. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры Махметғали Нұрғалиұлы, Омбы мемелкеттік техникалық университетінің ректоры Анатолий Косых,»Еуразиялық энергетикалық корпорациясы» АҚ президенті Валрий Гриненколар сөз сөйлеп, жоғары оқу орындарындағы кәсіпкерлік, ғылым, иноовация, білім және бизнес жайында ой-пікірлерімен бөлісті.
Отырыс аясында жоғары оқу орындарының ректорлары «Арт-garagе» бен DemoDayашылған стартап академиясын аралады.
Жаңа стартаптарды тек өңірдің ғана емес, еліміздің ірі өнеркәсіптік кәсіпорындары мен компаниялары инвестициялайтын болады.
Қонақтарға 20-ға жуық стартап-жобалар, соның ішінде Омбы және Новосібір университеттерінің жобалары, С. Торайғыров атындағы оқу орнының кәсіпкерлік және кәсіпкерлік білімді дамыту бойынша экожүйесі таныстырылды.
Сонымен бірге, спиноферлер Александр Нефтисов, Сәкен Ордабаев және Вячеслав Монахов өз жобалары туралы айтып берді.
Жобалар атмосфералық ауаны ластамайтын және шу тудырмайтын«TOR» электробайкасы, «ATMOS WATER» – ауадан алынатын су, сутегі генераторы–отынның неғұрлым тиімді және арзан түрін жасайды. Отырыс DemoDay қорытындыларын шығарумен аяқталды.
ПАВЛОДАР
Суретті түсірген Руфина Торпищева