Сенат • 18 Сәуір, 2024
Ғылымға қойылатын талапты төмендетпеу керек - Мәулен Әшімбаев
Бүгін Сенатта ғылым және білім беруді жетілдіруге арналған заң қаралғаны мәлім. Отырыс барысында Scopus базасына енетін халықаралық ғылыми журналдарға мақала жариялау туралы талап докторлық диссертация қорғауға кедергі келтіретіні жөнінде отандық ғалымдардың пікірі назарға алынды. Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки сол тұрғыда жұмыстар қолға алынғанын атап өтті. Осыған байланысты Палата Төрағасы отандық ғалымдар үшін шетелдік басылымдарға материал жариялау оңай емес екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ ол жалпы ғылымға қойылатын талапты төмендетпеу керек екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 18 Сәуір, 2024
Садыр Жапаров Қазақстанға ресми сапармен келді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты елорда әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Сәуір, 2024
Ақтөбеде спорт мектебінің екі тәрбиеленушісі қамауға алынды
11 сәуірде Есет батыр атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде сегізінші сынып оқушысы есінен танып қалған, кейінірек ол жедел жәрдем көлігінде қайтыс болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Сәуір, 2024
Есігі жоқ көлік айдаған Зайсан тұрғыны жауапқа тартылды
Зайсан қаласының тұрғындары көшеде алдыңғы және артқы есіктері жоқ көлікті айдағаны үшін жазаланды. Олар көшедегі бөтен кісінің видеосына кездейсоқ түсіп қалып, әлеуметтік желіде шу көтерді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Сәуір, 2024
Air Astana су басқан аймақтарға 75 тонна гуманитарлық жүк тасымалдаған
Елімізде су тасқыны басталғалы бері Air Astana мен FlyArystan зілзала аймағына 75 тонна гуманитарлық жүкті тегін тасымалдады. Мұндай салмақты тасымалдау құны 34 миллион теңгеге пара-пар, деп хабарлайды Egemen.kz.