Аймақтар • 22 Сәуір, 2019
«Алматы марафонына» әлемнің 53 елінен 17 мың спортшы қатысты
Биыл «Алматы марафоны» өзге елдерден келген қатысушылардың саны бойынша рекорд орнатты. Шараға Ресей, Өзбекстан, Қытай, Канада, Швеция мен Кения елдерінен келген спортшылар қатысты.
Руханият • 22 Сәуір, 2019
Әлем ғалымдары Әбу Насыр әл-Фарабидің тегі мен туған жылы және мекені туралы
1975 жылы Алматыда тұңғыш рет қазақ жерінің кемеңгер перзенті, отырарлық ұлы ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1100 жыл толуы ЮНЕСКО-ның айтулы мерзімдер календарына кіргізіліп, үлкен салтанатпен аталып өтті. Оның алдында Қазақ КСР Ғылым академиясы Философия және құқық институты жанынан ашылған әл-Фараби ғылыми-зерттеу орталығы Отырар ойшылының араб, ағылшын, неміс, француз, чех және т.б. тілдердегі бірқатар шығармаларын дүние жүзінің түкпір-түкпірінен жинап, Алматыда қазақ, орыс тілдеріне аударып жариялады.
Руханият • 22 Сәуір, 2019
Мәңгілік құндылықтың мәйекті мәні
Уақыт шымылдығы тұмшалаған құндылықтарымыздың қайтадан ажары жарқырап, айдыны толып, халқымызбен қайта қауыша бастағандығы қуаныш. Бұл істің басында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының тұрғандығы анық. Соныға із салған, сананы қозғаған осы еңбек еді. Теңіздің түбінен маржан тергендей өшкенімізді жандырып, жоғалғанымызды іздегелі екі жыл өте шықты.
Үкімет • 22 Сәуір, 2019
Бірқатар екіжақты кездесулер өткізді
Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Санкт-Петербургтегі Таврия сарайында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.
Президент • 22 Сәуір, 2019
Кандидаттарды тіркеу мәселесі қаралды
Жұма күні Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Онда Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасының Президентін кезектен тыс сайлауына қатысатын Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидаттар мемлекеттік тілді еркін әрі жетік меңгеруі тиіс деген мәселе мен Қазақстан президенттігіне кандидаттарды тіркеудің кейбір мәселелері қоса қаралатынын атап өтті.