Қоғам • 19 Сәуір, 2019

Ақтауда «Yessenov Fest-2019» фестивалі басталды

1042 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы Н.Ә. Назарбаев жариялаған Жастар жылына орай Yessenov University кезекті рет Yessenov Fest-2019 фестивалін өткізуде. Бұл туралы аталмыш оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтауда «Yessenov Fest-2019» фестивалі басталды

Фестивальдың басты мақсаты - жастардың мәдени, рухани дамуына, шығармашылық өсуіне ықпал ету, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жоғары оқу орындарының арасында байланысты нығайту.

-Осы жылы Yessenov Fest өз ауқымын үлкейте түсті. Фестивальға Yessenov University студенттері ғана емес, республикамыздың түкпір-түкпірінен жиналған жастар үлкен шарада бас қосып, сайыстарда бақ сынайды. Фестиваль барысында баскетбол, жағажай волейболы, 3x3 футбол, қазақша күрес, workout, жүгіру марафоны сияқты спорт түрлері, және де өнер байқаулары өткізіледі, дейді оқу орнының тәрбие жөніндегі проректоры Г.Жолдасбаева.

Спорттық сайыстардың басым бөлігі 19 сәуір күні 7-ш/а DOMA DOMA Streetcourt алаңында өтсе, 20 сәуір күні 32-ш/а бастап 15-ш/а жағажайға дейін ұлдарға 10 шақырым және қыздарға 5 шақырымдық марафон ұйымдастырылады. Фестиваль қорытындысында спорттық және шығармашылық байқаулардың жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар мен сертификаттар табысталады.

Сондай-ақ, 20 сәуір күні 15 ш/а «Виктория» қонақ үйіне қарама-қарсы жағажай алаңында республикалық деңгейде заманауи би сайысы, Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен қорытынды гала-концерт өткізіледі.

Фестиваль аясында әр түрлі спорт түрлерінен бөлек осы жылы «Жас кәсіпкерлер» байқауы, Yessenov пән олимпиадасы және Республикалық дебат турнирі өткізіледі. Осы үш байқаудың жеңімпаздарына Yessenov University-де оқуға арнайы гранттар мен жеңілдіктер қарастырылған.