Үкімет • 18 Сәуір, 2024
Біржолғы өтемақы кешіктірілмей төленуге тиіс
Премьер-министр Олжас Бектенов су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу мәселесі бойынша кеңес өткізді. Жиында қаржы министрі Мәди Такиев пен өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың баяндамалары тыңдалды.
Қоғам • 18 Сәуір, 2024
Азаматтарға көмек көрсету тәртібі
Табиғи су апатынан зардап шеккен азаматтардың әрбірі көмексіз қалмайтыны, шығыны түгел өтелетіні туралы бұған дейін хабарланған. Құжаты бар-жоғына қарамастан тасқын су салдарынан бүлінген барлық үй қалпына келтірілетіні немесе қайта соғылатыны мәлім болды. Жалпы, үй-жайын су шайып, мүлкі іске алғысыз болып қалған тұрғындар мемлекеттен қандай көмек ала алады?
Үкімет • 18 Сәуір, 2024
Салалық маңызды заңдар қабылданды
Парламент Мәжілісінің спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтіп, күн тәртібінде 16 заң жобасы талқыланды. Атап айтсақ, экономикалық құқық бұзушылықтарды одан әрі қылмыстық сипаттан арылту, эндаумент-қорлар және олардың қызметі, масс-медиа, көпшіліктің мазасын алған мопедтер мәселесі талқыланып, ұсынылған заң жобалары қабылданды.
Аймақтар • 18 Сәуір, 2024
Көкшетауда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға пәтер кілті тапсырылды. Салтанатты іс-шараға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қатысып, мемлекет залалды азайтуға қолдан келетін барлық жағдайды жасап жатқанын атап өтті.
Қоғам • 18 Сәуір, 2024
Тасқыннан зардап шеккен өңірлерге елдің түкпір-түкпірінен көмек легі толассыз ағылып жатыр. Гуманитарлық көмектен өзге, ауыр техникалар аса қажет болып тұр. Осы орайда Қонаев, Алматы қалаларындағы стансалардан Батыс Қазақстан облысына жөнелтілетін арнайы және инженерлік техникалар тізбегі жасалды.