Ғылым • 18 Сәуір, 2025
«Болашақ» бағдарламасы: Тағылымдама түйткілдері
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда «Болашақ» бағдарламасымен іс-тәжірибеден өткізу ісін сынға алып, ғылымға мүлдем қатысы жоқ адамдардың шетел асқанын айтып, бұл бағытқа біраз жүйелеудің қажет екенін меңзеген еді. Осыған орай біз тағылымдама түйткілдерін тарқатып, білім жетілдіремін деп шекара асқандардың ой-пікірлері арқылы мәселені шешудің тиімді жолдарын қарастырып көрген едік.
Өшпес даңқ • 18 Сәуір, 2025
«Egemen Qazaqstan» газетінің 2025 жылғы 28 ақпан күнгі санында журналист Дүйсенәлі Әлімақынның «Аустралия газеттері қазақтар туралы не жазды?» атты мақаласын оқып отырып, Екінші дүниежүзілік соғыстың батыры, жерлесіміз мерген Сиязбеков Сұлтанбек туралы «Қазақтың қос мергені» атты шағын мақала көзіме оттай басылды.
Пікір • 18 Сәуір, 2025
Ерте, ерте, ертеден ескерткіш атаулыны қадір тұтқан елміз. Қиян даламыздың қай қиырына барсаңыз да, қисапсыз мол мәдени мұрамыздың үздік үлгілерін кездестіресіз.
Қоғам • 18 Сәуір, 2025
Термешілерге неге көңіл бөлінбей жүр?
Сөздің небір асыл маржаны қазақтың жыр-термелерінде. Теңіздің түбіндегі інжу тастардай бағалы теңеулерді де қасиетті өнердің осы түрінен табамыз. Ал жыршылар туралы айтарымыз аз емес. Жыршылық дәстүр Сыр бойында және батыс облыстарда терең мазмұнда сақталғаны баршаға белгілі. Ал біздің Әулиеата өңірінде қазіргі таңда жыр мен термені дамытуға көңіл бөлу, жыршы мен термешіні бағалау жоғары деңгейде деп айту қиын.
Мәселе • 18 Сәуір, 2025
Төлеубұлақ петроглифтері жойылып барады
Мұғалжар қыраттарының Жем өзені бастау алатын тұсында ежелгі адамдар петроглифтері сақталған Төлеубұлақ үңгірі бар. Қазір ол жер құм арасындағы елсізде, қорғаусыз жатыр.