Қоғам • 18 Сәуір, 2025
1-сыныпқа «egov.kz» арқылы қабылдайды. Елімізде бірінші сыныпқа өтініш қабылдау науқаны басталды. Бұл осы жылдың 31 тамызына дейін жалғасады. Оқу-ағарту министрлігінің таратқан ақпаратына сүйенсек, мектептің алғашқы сыныбына ата-анасының өтініші бойынша балалар 6 жастан бастап қабылданады.
Жоба • 18 Сәуір, 2025
Отандық стартаптардың өрісі кең
Осы күні отандық стартаптар ішкі нарықпен ғана шектелмей, халықаралық деңгейде де сұранысқа ие бола бастады. Жасанды интеллект, медициналық технология, спорт туризмі мен цифрлық сервис салаларында серпіліс байқалады.
Аймақтар • 18 Сәуір, 2025
Білім бұлағынан қанып ішіп, ізденіс ізіне түскен жасөспірімдер өңірде аз емес. Білім мен ғылымды қатар алып жүруге тәуекел еткен білім алушылардың ұмтылысы көңіл тоғайтады. Олардың алды айрықша жобаларымен дараланып, халықаралық байқауларда үздіктер қатарынан көрініп үлгерді. Мұхит асып, тәжірибе жинауға бел буып отырғандары да бар.
Мәдениет • 18 Сәуір, 2025
Ақтық сөзін, соңғы тілегін, арман-аңсарын айта алмай кеткен жан аз дейсіз бе өмірде? Арманда кеткеннен сақтасын, әрине. Ол жеке бастың, жалғыз-жарым пенденің тілеуі ғана емес, туған халқының, асыл өнердің шын мұратын көксеген өнер иесінің соңғы арызы болуы да мүмкін ғой. Ел-жұртының арман-тілегін арқалап, кейінгі ұрпаққа аманаттаушы өнер иелерінің соңғы сөзі немесе назы айтылмай арманда кетсе, нағыз қасірет сол шығар. Онда ұлт мұратының бір шеті кетілгенмен пара-пар ғой.
Ән • 18 Сәуір, 2025
Арқа жерінде, әсіресе, Жаңаарқа тойының шымылдығы дәл осы әнсіз түрілмейді: «Нұр тұнған өмірі, Құлпырған өңірі, Өзгеден тұратын дара дархан, Атыңнан айналдым, Жаңаарқа…». Бұл – Жаңаарқа жұртшылығының бейресми әнұраны.