Қоғам • 18 Сәуір, 2025

Керек дерек

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1-сыныпқа «egov.kz» арқылы қабылдайды. Елімізде бірінші сыныпқа өтініш қабылдау науқаны басталды. Бұл осы жылдың 31 тамызына дейін жалғасады. Оқу-ағарту министрлігінің таратқан ақпаратына сүйенсек, мектептің алғашқы сыныбына ата-анасының өтініші бойынша балалар 6 жастан бастап қабылданады.

Керек дерек

Сурет: 9emhana.kz

Құжаттар мемлекеттік «egov.kz» электронды үкімет, жергілікті атқару­шы органдардың ақпарат­тық жүйелері арқылы қабыл­данады. Осыған қоса дәстүрлі түрде де, яғни қағаз нұсқада да 1 сәуір мен 31 тамыз аралығында тапсыруға болады.

Қазақстан азаматтары Жалпы білім беретін орта мектепке қа­был­­­дауға төмендегі құжат­тар­ды өткізуі қажет:

1) ата-ананың немесе заңды өкілінің өтініші;

2) №065-у нысанындағы ден­сау­лық жағдайы туралы анық­тама және №052-2/у ныса­­нын­да­­ғы баланың денсаулық пас­пор­ты;

3) өлшемі 3х4 см сурет (2 дана).

Шетел азаматтары мектепке құжат тапсыру үшін өзі, яғни білім ұясына баратын баланың ата-анасы немесе басқа заңды өкілі Қазақстанда уақытша я тұрақты тұруы керек. Шетелдіктер мектепке Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығы туралы және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы құжаттарды ұсынуы керек.

Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. Осы ретте министрлік құжат тапсыруды соңғы күндерге қалдырмай, ата-аналарды баласын мектепке беруді алдын ала ойластыруға шақырды.