Өндіріс • 18 Сәуір, 2024
Жылуды сақтайтын оқшаулағыш: Табыс та, түйткіл де бар
«Макинск жылу оқшаулағыш зауыты» серіктестігі жылына 34 мың тонна өнім дайындайды. Бюджетке бір миллиард теңгеге жуық салық төлеп отыр. Серіктестік – еліміздегі базальт шикізатынан жылу оқшаулағыш дайындайтын бірден-бір ірі кәсіпорын. Өнімі де жан ұшырып жарнамалауды қажет етпейді. Қысы суық солтүстік өңірде сапалы жылу оқшаулағыш – қасқалдақтың қанындай қат дүние.
Пікір • 18 Сәуір, 2024
Елімізде отбасылық зорлық-зомбылық – кең тараған жат қылық. Оған физикалық, психологиялық, экономикалық немесе жыныстық зорлық-зомбылық жатады. Сондықтан тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін қатаң жазаға тарту мәселесі қашанда қоғам назарында.
Сұхбат • 18 Сәуір, 2024
Айман Омарова: Зорлық-зомбылыққа қарсы заңнама – Президенттің саяси шешімі
Мемлекет басшысы қолданыстағы заңнамаға әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдарға қол қойды. Бұл заңнамалық өзгерістер қоғамға не береді? Ушығып тұрған зорлық-зомбылық ахуалына қандай серпіліс әкеледі? Біз белгілі құқықтанушы, адвокат Айман ОМАРОВАНЫ әңгімеге тартып, осы сұрақтардың жауабын білуге тырыстық.
Мәдениет • 18 Сәуір, 2024
Қарағанды бүгінде мәдениеттің алтын аймағына айналып тұр. Республикалық, тіпті халықаралық деңгейдегі түрлі мәдени іс-шаралар Арқа жерінде абыроймен өтіп жүр. Бірақ біздің айтпағымыз басқа. Жылына жүздеген рухани кеш өткізіп жүрген орталық бар. Олардың таудай еңбегі көбіне көрінбей, тасада қалып жатады. Шындап келгенде, облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы үлкен жүк арқалап жүргенін ел-жұрт біле бермейді.
Руханият • 18 Сәуір, 2024
Сәуірлетіп Қазақ еліне Саха Жазушылар одағы басқарма төрағасы Н.Харлампьева бастаған бір топ қаламгер қауымы мәдени алмасулар мақсатымен келіпті.